Денсаулық - Сүт ішу пайдалы
Сүт ішуді әдетке айналдыру керек. Батыста бұған үлкен мән беріледі. Сүттің табиғи ерекшеліктерін және азықтық құндылығын жоғалтпастан тұтынушыға ұсыну үшін пастеризация өңдеуінен өтуі және дұрыс түрде ыдысқа құйылуы керек. Құрамындағы кальций еттен 10 есе, наннан 5 есе, алмадан 15 есе, сәбізден 3 есе көп.
Пастерленген сүт: Сүттің 72-75 градус ыстықтықта 15-20 секунт ысытылғаннан кейін дереу 5 градуске дейін суытылған түрі. Осылайша, адам денсаулығына зиянды бактериялар жойылады. Пастерленген сүттің ерекшеліктері:
- Құрамында қоспа болмайды.
- Шыны ыдыстарда күнделікті сатылады.
- Азықтық құндылығын 2-3 күн сақтайды
Ультрапастерленген сүт: Сүттің 135 градус ыстықтықта 2-6 секунт ысытылып, дереу 20 градусқа дейін суытылған түрі. Осылайша, адам денсаулығына зиянды бактериялар және сүттің бұзылуына себеп болатын бактериялар жойылады. Үйде қайнатылғанда азықтық құндылығын жоғалтатын сүт осы жолдармен азықтық құндылығын жоғалтпастан тұтынушыға ұсынылады. Бұлардың ерекшеліктері:
- Құрамында қоспа болмайды.
- Асептикалық картон ыдыстарда сатылады.
- Ашылмаған жағдайда ерекшелігі мен азықтық құндылыған ең аз дегенде 4 ай сақтайды.
- Бөлме температурасында сақтауға болады.