Untitled Document

Сұхбат - Дұғалардың нәтижесі

Бір күні бір шәкірті Ибраһим Әдхәм хазіреттен былай деп сұрайды:

“Аллаһу та’ала: «Ей құлдарым! Менен сұраңдар! Қабыл етейін, берейін!» деп бұйырған. Бірақ қанша сұрасақ та қабыл болмай жатыр?”

Сонда Ибраһим Әдхәм:

Аллаһу та’аланы шақырасыңдар, бірақ Оған бағынбайсыңдар!

Пайғамбарын танисыңдар, оған ұйымайсыңдар!

Құран кәрім оқисыңдар, көрсеткен жолымен жүрмейсіңдер!

Құдайдың ниғметтерінен пайдаланасыңдар, бірақ шүкір етпейсіңдер!

Жәннаттың ғибадат еткендер үшін екенін білесіңдер, дайындығын істемейсіңдер!

Жәһәннамды әмірлерге қарсы шығушылар үшін жаратқанын білесіңдер, одан сақтанбайсыңдар!

Бабаларыңның, аталарыңның не болғандарын көріп, ғибрат алмайсыңдар!

Өз айыптарыңа қарамай, басқалардың айыптарын іздейсіңдер!

Мұндай адамдар, үстілеріне тас жаумағанына, жер жұтып кетпегеніне, көктен от жаумағанына шүкір етсін! Тағы не сұрайды? Дұғаларының нәтижесі, тек осы болса, жетпей ме?

Мәлімет - Кім ұзақ жасайды?

Өсімдіктер: итмұрын, мойыл, қарамық, бүлдірген - 300 жыл, арша, қарат, шырша - 400, жөке - 500, емен мың жыл өмір сүреді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, америкалық секвойя мен монгованың өсу шегі - 2500-4000 жылға, ұзындығы 100 метр, диаметрі 10 метрге жетеді екен.

Ғалымдар үнді мұхитындағы Эгоман аралынан ұстаған тасбақа 100, Лондон зоопаркіндегі тасбақа 300 жыл жасағанын анықтаған.

Құстар: алақарға - 75 жыл, жыртқыш емес құстар ішінде тотықұс - 140 жыл, үй құстары арасында қаз - 40 жыл, тауық - 20, үй көгершіні - 30 жыл, омыртқасыз жануарлар ішінде салмағы 300 килограмм моллюска 80-100 жыл жасайды екен.