Сұхбат - Үлылардың насихаты
- Жылы жүзді болу иманның белгісі.
- Барлық адамның үстінен арыздану тәкаппарлық.
- Нағыз қызмет – жылы сөз, жылы жүз.
- Жылы жүз бен жылы сөз - осы ғасырдың қаруы.
- Қызмет беру арқылы болады, алу арқылы емес.
- Барлық қиындықтың себебі – күнә істеу.
- Сен жақсылық жасасаң, әрдайым жақсылық көресің.
- Дұрыс кітап оқу - сұхбаттың жартысы.
- Хараммен өскен дене отқа жанады.
- Мақсатымыз бір адамды оттан құтқару.
- Тәкаппарды Аллаһ та, құл да сүймейді.
- Сен құлдарды сүйсең, Аллаһ сені сүйеді.
- Имансыз өлуден қорықпаған адам имансыз өледі.
- Егер сен кешірсең, Раббың сені кешіреді.
- Ақыретке пайдасы жоқ барлық нәрсе дүниелік нәрсе болып табылады.
- Адамдардың екі әшекейі бар: Әдеп пен кішіпейілділік.
- Ақыретте әрбір адам әрбір ісінен сұралады.
- Әдеп өзіңді әрдайым айыпты деп санау.
- Хақ Тағала беруді қаламаса, қалау сезімін бермес еді.
- Адамның қадірі ғылымы мен әдебінің болуында.
- Кішіпейіл адам шағымданбайды, оның үстінен ешкім шағым айтпайды.
- Әдеп - әлбетте байлық, кімде бар болса, сол жақсы адам болады.
- Әр күнді соңғы күн, әр намазды соңғы сәт деп біл.
- Кім күніне 20 рет өлімді ойласа, шәйіт болады.
- Харамды жақсы деп санаған адам кәпір болады.
- Кім кез-келген дін кітабын оқыса иманы бұзылады.
- Түнерген жүз бен қосылған қас – залымдықтың белгісі.
- Кім кішіпейіл болса, барлық нығметті алады.
- Көптеген жақсылықтарға жетудің себебі – ата-ананың батасы.
- Қай жерде келіспеушілік пен қиындық бар болса, ол Исламға бағынбаудан.
- Мұсылман – қолы мен тілі арқылы ешкімге зиян келтірмейтін адам.