Мәлімет - Таза бал
Бал жалпы өзі алынған гүлдің ерекшелігіне ие болады. Өсімдіктердің иісі, дәмдері, ароматтық және емдік қасиеттері балға өтеді. Аралар ұяларынан әр шыққанда 5-6 шақырымды шарлап, 40 минутта шамамен 1200 гүлге қонады.
Бір грамм (бір тамшы) бал жинау үшін аралар 120000 гүлге қонуы керек.
Таза бал осылай алынады. Оның өндірістік құны да жоғары болады. Таза балды мына белгілерінен айыруға болады:
Йодтың ішіне бір шәй қасық бал салған кезде ыдырамайды,
Күкірт шырпысының ұшын балға батырып, шаққан кезде жанады,
Көшірме қаламның ұшын балға батырып жазғанда жазылады және түсі өзгермейді,
Кішкене қасық бал қайнатса, суытқаннан кейін бұрынғы қалпына қайтып келеді.
Күннің тарихы - ИСПАНИЯ ЖЕҢІСІ
Тарық бин Зияд (рахметуллаһи алейһ) тарихтағы ең ұлы қолбасшылардың бірі болып саналады. Әмәуилердің (омаядтар) Солтүстік Африка әміршісі Муса бин Нусаир оны Испания жорығына қолбасшы етіп тағайындады. 7000 адамдық күшпен 711 жылы Гибралтар бұғазынан өтті. Әскерлері кері қайтуға үміттенбеулері үшін бүкіл кемелерді жағып жіберді. Кейіндері де көп қолданылған “кемелерді жағу” фразасы осыдан қалған. Өте сәтті әскери қимылдарымен Солтүстік Испанияға дейін жеткен Тарық бин Зияд маңызды қалаларды басып алды. Әндулус мәдениетінің жолын ашушы ретінде тарих сахнасында із қалдырды.
Испанияның оңтүстігінде мемлекет құрған мұсылмандар 1494 ж дейін бұл жерде 8 ғасыр бойы үстемдік құрды. Мұсылмандар ілім және мәдениетте ілгерілегені соншалықты христиандар теңі жоқ болған бұкіл өнер туындыларын жойып құртқанымен қазірдің өзінде олардың іздері бар. Испанияда Кардова және Кларнет қалаларында университеттер құрылған. Ішінде 600 000 кітабы бар кітапханалар болған.