Untitled Document

Күннің тарихы - ЙЫЛДЫРЫМ БАЯЗИД ХАН

Cұлтан Йылдырым Баязид Хан, Османдық патшаларының төртіншісі. Мурад Худауандигардың ұлы және Челеби Сұлтан Мехмедтің әкесі. Римнен және Анадолы жерлерінен көп қалаларды бағынтырған. Грецияға дейінгі жерлерді жаулап алды. Нигболуда Крестік әскерлерін талқандады.

1402 ж Анкарада Әмір Темірмен соғыста ұлы Сулейманның қарамағындағы әскерлер Әмір Темір жағына өтуімен жеңіліп тұтқынға түсті. Әмір Темір оған көп сый-құрмет көрсеткенімен өкінішінен 8 айдан кейін тыныс тарлығынан қайтыс болды. Бурсада жерленді. Әмір Темір Йылдырым Ханның қайтыс болғанын естігенде "Обал болды. Ұлы Мүжаһид қолбасшыдан айрылдық" деді. Өте батыр және өте әділ еді.

Өте батыл әрі епті, шапшаң қимылды өз заманындағы құбылыстардан хабардар болған жақсы қолбасшы және жақсы Сұлтан еді. Өте сабырлы шешім қабылдауда өте сабырлы және әскерін бір жерден басқа жерге көшіруде өте жылдам еді. Өмірін майдандарда, жорықтарда өткізді. Түркілердің және Ислам дінінің Рум өлкесінде (қазіргі түркия) таралуын жүзеге асырды. Надандар бұл қаһарман дін күресшісінің атына кір келтіру үшін ішімдік ішетін деп жала жапса да бұны растайтын ешқандай дәлелдері болған емес. Бұл надандар осыған ұқсас басқа да көп патшаларға жала жабуға тырысып келеді.

Мирас - Диуани Луғат-ат-Түрк

Махмұд Қашқаридің араптарға түрікше үйрету үшін 1072 жылы жазған Түрікше-Арапша сөздігі. Түркі дүниесінің ең құнды туындысы, түрік тілінің және мәдениетінің қазынасы. Ең алғашқы түрікше сөздік және тіл ілімі ретінде танылған бұл еңбек, алдымен 8 кітапқа бөлініп, кейін әрбір бөлімі есім (есімдік) және фиил (етістік) болып 2-ге бөлінген. Бұл еңбекте 7500 түрікше сөз бар. Кітапта сол дәуірдегі түркі руларының ерекшеліктеріне, сөйлеу мәнерлеріне қатысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, жоқтаулар және тұрақты тіркестер орын алған.

Алғысөзінде Махмұд Қашқари түріктер туралы мәлімет берген және сол кездің картасын сызған. Кітап арап тілінің граматикасына сәйкес және сөздері алфавит бойынша емес сөздегі буын санына қарай түзілген. Бұл еңбектен түркі төрелерінің өмір салтын, мінез-құлқын, соғыс және қаһармандық секілді оқиғаларын көруге болады.