Тарих - Кресттік жорықшылардың Құдістегі ойраны
15 шілде 1099 жылы кресттік жорықшылар Құдіске (Ирусалим) кіріп 70 000 мұсылманды жауыздықпен өлтірді. Гиодофрой де Буййон Папа ІІ. Урбанға жазған хатында былай дейді:
«Құдістегі бүкіл мұсылмандардың көзін жойдық. Сулейман ғибадатханасында аттарымыздың тізесіне дейін мұсылмандардың қанын кешіп жүрміз...»
Рене Г. Роуссет есімді тарихшы жоғарыдағы айтылғандарды растап оған мына мәліметтерді қосты:
«Кресттік жорықшылар Құдісте көптеген мұсылмандарды қырғынға ұшыратықаны соншама аттарының аяқтары қан дариясын кешкен сайын адам еттері дуалдарға ұрыла берді...»
Рыцар Гестаның бұл жөнінде айтқан мәлімдемесі: «Мұндай қырғынды ол күнге дейіне әлі ешкім көрмеген де, естімеген де болса керек. Өліктер пирамида секілді үйінді үйінді күйде өртелді. Сандары қанша екендігін бір құдай біледі. Мұсылман және мусауи (Мұса алейһиссаламның дінінде) болған адамдардан ешқайсысы бұл қырғыннан аман қалмады...»
Күннің тарихы - Дүниежүзілік Қыбла күні
Қыбла бағытын табуда жіберілген қателіктерді кетіру үшін 28 мамыр және 16 шілде күндері «Дүниежүзілік Қыбла Күні» деп белгіленген. Қазақстан сағаты мен 28 мамырда сағат 15:18 де және 16 шілде күні сағат 15:26 да, жылда екі рет күн дәл Қағбаның төбесіне тура келеді. Күн Қағбаның төбесіне келгенде жер бетінде күнді көріп тұрған аймақтарда Күнге қарай бұрылғандар дәл Кағба бағытына қараған болады. Осылайша бір қаланың құбыла бағыты оңай жолмен және дұрыс табылған болады. Күнтізбемізде әр күні әр бір қала үшін Қыбла сағаттары уақыты беріліп отыр.