Untitled Document

Сұхбат - Кәлима-и шаһадат

Кәлима-и шаһадат - «Әшһәду ән Ла илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ» деу. Шаһадатты айтудың 130 пайдасы бар. Бұлардың 30-ы мыналар:

Дүниедегі пайдалары:

- Аты әдемі айтылады.

- Исламның бұйрықтары мен тыйымдары өзіне парыз болады.

- Жазадан және төмендетілуден құтылады.

- Аллаһу Тағала оған разы болады.

- Барлық мүміндер оған сүйіспеншілікпен қарайды

Өлер кездегі пайдалары:

- Әзірейіл алейһиссәлам оған әдемі кейіпте келеді.

- Майдан қыл суырғандай етіп жанын алады.

- Жұмақ иістері келеді.

- Сүйіншілейтін періштелер келеді. «Сәлем, ей, мүмін. Сен жұмақтықсың» дейді.

Қабірдегі пайдалары:

- Қабірі кең болады.

- Мүнкәр мен Нәкір әдемі кейіпте келеді.

- Бір періште оған білмегенін үйретеді.

- Аллаһу Тағала білмегенін есіне салады.

- Жұмақтағы орнын көреді.

Арасаттағы пайдалары:

- Сұрақ пен есеп беру оңай болады.

- Дәптері оң жағынан беріледі.

- Мизанда сауабы ауыр басады.

- Арштың астын көлеңкелейді.

- Сыраттан найзағайдай тез өтіп кетеді.

Тозақтағы пайдалары:

- Тозаққа кірсе, тозақ өкілдері сияқты көздері көк болмайды.

- Шайтанымен керіспейді.

- Қолына оттан кісен, мойнына шынжыр салынбайды.

- Ыстық судан ішкізілмейді.

- Тозақта мәңгі қалмайды.

Жұмақтағы пайдалары:

- Барлық періштелер оған сәлем береді.

- Сыддиқтармен (шыншылдар) жолдас болады.

- Жұмақта мәңгі қалады.

- Аллаһу Тағала оған разы болады.

- Аллаһу Тағаланың жамалын көреді.