Untitled Document

Тарих - Селжүк мемлекеті – 2

Селжүк мемлекеті Исламға толығымен мойынсұнған еді. Итиқадта Матуриди, амалда Ханафи әһли сүннет мәзхабында болды. Қалған үш хақ мәзхабты ұстанғандар да болды. Өлкеде батинилер секілді бұзық ағымдар шыққан болса да мемлекет және ғалымдар бұлармен қарқынды күрес жүргізіп отырды. Мемлекет ілімге және ғалымдарға мән берді. Мемлекеттің дамуы үшін бүкіл жағдайлар жасалды. Діни тәлім тәрбие беретін медреселер көбейді. Ғалымдар тарапынан құнды еңбектер жазылды. Серахсидің Жами-улКәбир, Жами-усСағир, Сиери Кәбир, Мұхтасары Тахтауи, Иусуп Хамаданидің Зинетул Хаят, Мәназилус-Саирин, Мәназилус-Саликин, Шахристанидің Милел Нихал атты кітаптары жазылды, Имам Ғазали, Абдулкадир Гәйлани, Әбу Наср Абдуррахим секілді ғалымдардың құнды кітаптары күнімізге дейін сақталды. Түрлі саладағы факултеттермен қамтылған университет деңгейіндегі үлкен медреселер құрылды. Бұларда ақли, нақли бүкіл Ислам ілімдері оқытылды. Риазие (Математика), хейет (астрономия), хендесе (геометрия), физика, химия салаларын меңгерген ұлы ғалымдар жетілді. Обсерваториялар салынып аспан денелерінің әрекеттері зерттелді, күнтізбелер түзілді. Бұл салаларда әдебиетте де еңбегі сіңген Омар Хаййам, Мұхаммед Бәйхаки, Ахмет Туси секілді т.б. көптеген ғалымдар жетіліп еңбектер қалдырғанымен бұл еңбектер ХІІІ ғ Моңғол шапқыншылығы кезінде өртеніп кетті. Көрікті Мешіттер, үлкен кітапханалар, мұнаралар, сарайлар, кесенелер, емханалар, моншалар т.б. сәулеттік ғимараттары батинилердің және моңғолдардың қырғынына ұшырағанымен азшылық сақталғандарының өзі ғалымдар тарапынан таңданыспен зерттеліп келеді.