Тарих - Селжүк мемлекеті – 1
Түрік-Ислам мемлекеттерінің ең үлкендерінің бірі. Оғыздардың Үшоқ тармағының қынық тайпасына жатады. Х ғ соңы мен ХІ ғ басында Исламды қабылдады. Шығыста Қытайдан бастыста Анадолуға дейінгі, Солт-батыс Африкадан Ресей аймақтарына дейінгі жерлерді иемденді.
Негізін қалаған Селжүк бей. 985 жылдары Оғыз Ябғу мемлекетінен бөлініп Сейхун өзенінің бойындағы Жент қаласына қоныстанады. Мұнда Ислам дінін қабылдап хараж (салық) алуға келген Ябғудың қызметкерлерін қуып тәуелсіздігін жариялайды.
Жаңа құрылған мемлекет қысқа уақыт ішінде сол өңірдегі бүкіл Мұсылман жерлерін иемденеді. 1055 ж Сұлтан Тұғрұл, Буәйхилердің басқыншылығына ұшыраған Халифалық орталығы Бағдат қаласына кіреді. Буәйхилерді талқандап Аббаси халифалығын бұрынғы қалпына келтірді. Бұл әрекетімен Халифаның, ғалымдардың және бүкіл сүнни Мұсылмандардың алғысымен ілтипатына бөленеді. Шии Фатими жорықтарының да бетін қайтарады. Халифалыққа және Бағдат қаласына жасаған қызметтері үшін оған Халифа «Дүние жүзінің қағаны» деген атақ берді. Сұлтан Алпарсланның дәуірінде батысқа қарай жорықтар басталды. Кавказ жерлеріндегі кішкентай патшалықтарды бағындырды. 1064 ж Шығыс Анадолудағы мәшхүр Ани қорғанын жаулап Қарс қаласына кірді. Ани христиан әлемінің киелі жерлерінен бірі еді. Бұл жеңістер Ислам әлемінінің қуанышына айналды. Бұған орай Халифа, Алпарсланға «Әбулфәтх» жеңістердің бабасы деген атақ берді. Алпарслан мұнымен тоқтамай бүкіл Анадолуны жаулауды көздеді. Селжүк әскерлерінің шабуылына төтеп бере алмаған Византия қорғандарымен гарнизондары түріктердің қолына өтті. Түрік жорықтары Мәрмәр теңізінің жағалауына, Стамбул бұғазына дейін жетті. Анадолуның түріктеніп Исламдануы үшін барлық шаралар қамданды. Сұлтан Мәликшахтың дәуірінде бүкіл Иран, Арабстан, Сирия, Палестина жерлері Селжүктердің билігіне өтті. Византияның түріктерге қарсы жасақтаған «ажалсыз әскерлер» деп аталатын күштерін тас-талқан етті. 100 000 астам түріктерді Анадолу жерлеріне қоныстандырды.
ХІІ ғ басында Селжүк империясы ішіндегі тақ таластардан және батыстағы крест жорықтары, шығыстағы Ғазналы, Қарақытай, Қарахан, Оғыздардың шабуылынан әлсірей бастады. 1157 ж Сұлтан Санжардың қайтыс болуынан кейін ұлы Селжүк мемлекетінің Иран, Ирак, Сирия және Анадолудағы бөліктері Селжүк ақсүйектерімен басқарылып ХІV ғ дейін билік жүргізгендері болды.
(жалғасады)