Сұхбат - Қабыр азабы...
Төмендегі төрт нәрсе қабірде азап тартуға себеп болады:
- Өтірік айту,
- Киіміне сідік шашрату,
- Аманатқа қиянат жасау,
- Ғайбаттау.
Төмендегі мына төрт нәрсе де қабір азабынан сақтайды:
- Бес уақыт намазды өз уақытында және жамағатпен оқу,
- Құран кәрим оқу,
- Садақа беру,
- Салауат оқуды жалғастыру.
Күннің тарихы - Барбарос Хайреттин Паша
Түрік тарихының ең ұлы адмиралы болған Барбарос Хайреттин Паша, 30 қыркүйек 1517 ж, ағасы Оруч Реиспен бірге Ақтеңіздегі ең маңызды бекіністерінің бірі Алжирді қолға түсірді.
Алжир әкімшілігін құрып Ақтеңізді толығымен түріктердің иелігіне өткізді. Оруч Рейс қайтыс болғаннан кейін Барбарос Хайреттин паша бұл жерді жалғыз басқарып кейін Осман мемлекетінің қол астына өтті. Осылай Алжир де Осман мемлектіне байланып, халифаттың құрамына кірді. Қануни Сұлтан Сулейман да Барбарос Хайреттин пашаны Бас Қолбасшы шеніне көтерді.
Превезеда сол кездегі ең танымал адмиралы болған Андреа Дорияның 600 кемелік қолын, 200 кемемен жеңіп теңіз тарихындағы ең үлкен жеңіспен Превезаны қолға түсірген. 4 маусым 1546 ж қайтыс болды. Кесенесі Стамбулда Бешикташта.