Untitled Document

ІІ Абдулхамит ханның еңбектері

  • Үндістан, Ява, Ауғанстан, Қытай, Малайзия, Индонезия, Ачех, Зангибар, Орталық Азия және Жапонияға елші және дін адамдарын жіберді.
  • Дүниеде алғаш тіс дәрігерлік оқу орнын ашты.
  • Парижде Ислам медресесін құрды.
  • Қытайға қарсы ұйғыр-дұнғандарға жіберген әскерлерімен орталық азия мұсылмандарын көтерді.
  • Құдыс-Яффа, Анкара-Стамбул-Хижаз темір жолдарын салғызды.
  • Ілгері технологиялық баспа апараттарын алғызды, тегін кітаптар бастырып таратты, 6000 кітаптың аударылуын қамтамасыз етті.
  • Баязид кітапханасын құрып 10 000-ы қолжазбалы кітаптар болған 30 000 кітап берді.
  • Алғаш электр тогы және газ әкелдірді.
  • Дүниедегі алғаш торпеда ататын суасты кемесін өз ақшасымен жасатты.
  • Үнемі отандық маталардан киім киетін. Хареке мата өндіру фабрикасын және Фесхана фабрикасын құрған.
  • Бітіруші оқушыларға сыйлық кітаптар жіберді.
    Кедей халыққа өз қалтасынан төлеп көмір таратты.
  • Яловада ыстық су сауықтыру кешенін жасатты.
  • Теркос суын Стамбулға әкелді.
  • Алғаш заманауи дәріхана аштырды.
  • Ислам әлеміне алғаш автокөлікті алдырды және 5 мың км асфальт жол салдырды.
  • Алғаш метроны жасатты, атты және электрлі трамвайлар жүргізді.
  • Археологиялық музей ашты.
  • Алғаш құтыру ауруын едейтін (Стамбул дарул кәлб) емханасын ашты.
  • Әйелдерге әскерлер үшін киім тіктірді, жаралы әскерлер үшін тікелей өз қолымен балдақтар жасатты.
  • Мидилли аралын жұбайы Фатима ханымның ақшасымен Француздардан кері сатып алды.
  • “Йылдыз Чини”, “Бейкоз” және “Кагытхане” фабрикаларын құрды.
  • Балаларды жалпылық сүннетке отырғызып әрбір балаға жарты алтын жіберді.
  • Табысының бір бөлігін әр жылы қарызданып қамауға алынған адамдардың құтылуына жұмсайтын.
  • Жыл сайын 30 000 құты сатып алып гүл ектіретін.
  • Измир портына рұқсатсыз кірмек болған АҚШ-тық соғыс кемесіне оқ жаудырды.
  • Өзі жасаған қол-өнер бұйымдарын ғазилерге сыйға берді.
  • Өзіне қастандық ұйымдастырған армян кісіні кешіріп, Еуропаға тыңшылық қызмет атқару үшін жіберді.