Untitled Document

Денсаулық - ДЕНСАУЛЫҚ ЗОР БАЙЛЫҚ

  • Күніңізді бір стакан су ішумен бастап, кешке дейін 2-2,5 литр су ішуге тырысыңыз!
  • Жеміс-жидек, көкөністерді өз маусымдарында кемінде бірнеше рет жеп тұру керек!
  • Бала үшін сүт, үлкендер үшін айран дастарханыңыздан кемімесін!
  • Ауырмай тұрып шипалы өсімдіктермен иммунитетіңізді көтеріңіз!
  • Жалбыз(мята), жөке, шалфей, жебір шөп, итмұрын, райхан, зімбір, ладан, жасыл шай, пияз және сарымсақ үйде әрқашан болсын!
  • Салатты мүмкін болғанша көп түрлі қоспалардан жасаңыз!
  • Дайын сорпаның орнына өзіңіз дайындаған сорпаны таңдаңыз!
  • Өзіңіз жапқан қызанақ соустарын қолданыңыз!
  • Маусымынан тыс кезде жемістермен көкөністерді көп жемеген жөн!
  • Аптасына ең аз 2 рет бұршақ тұқымдас (горох, ноқат, фасоль, маш) өнімдерін және балық жеп тұруға тырысыңыз!
  • Ыстық тағамдар үшін қыштан, шыныдан және болаттан жасалған ыдыстарды қолданыңыз!
  • Қыста апельсин, мандарин, лимон, грейфрут жеп тұруды көбейтіңіз!
  • Ақыл-оймен істейтін жұмыста жиі-жиі миіз жеп тұрған жақсы!
  • Азанғы уақытта 20 минут терең дем алып тұруға тырысыңыз!
  • Азанғы уақытта бөлмеңізді немесе жұмыс орныңызды желдетіп тұрыңыз!
  • Күніне 30 минут жаяу жүріңіз!
  • Темекі және спирттік ішімдіктен ұзақ болыңыз!
  • Мүмкіндігінше топырақта жалаң аяқ жүріп тұрыңыз!
  • Денеңізді қатты тоңдырып алмауға тырысыңыз!
  • Таңертеңгілік аста әрдайым бал болуына мән беріңіз!
  • Зайтун майын жиі қолданыңыз!
  • Таңертеңгілік аста толық, түскі аста орташа, кешкі аста жеңіл тағамдар болсын!
  • Тұз және шекерді шектеулі қолданыңыз!    
  • Маргаринді көп қолданбаған кезде, теріге, жүрекке және тамырларға үлкен сый-сияпат жасаған боласыз!
  • Күніне бір алма, бір сәбіз денеге керемет әсерін береді.