Мақала - БОЙДАҚТАРДЫҢ СЫЛТАУЛАРЫ
Үйленудің маңыздылығын және пайдаларын жиі жиі айтамыз. Кейбір ұзақ уақыт үйленбеген бойдақтар: “Үйленгендерді көріп жүрміз, үш-төрт айдан кейін ажырасып жатады. Ажыраспаған күнде де бақытсыз күйде, қиыншылықтармен жетіспеушіліктерден көз ашпайды” деп өздерін ақтауға тырысады. Кемшілік жақтары көп айтылып, талқыланып жатқаны үшін де бәлкім бойдақтар үйленгендердің барлығы ажырасып жатыр деп ойлайтын шығар...
Бақытсыздық және қиыншылықтар да осылай. Он жанұядан біреуінде түсініспеушілік бар болса, адамдардың да сол туралы сөз қозғауы барлығының бақытсыз екенін көрсетпейді.
Барлық жанұяда майда-шүйде қиыншылықтар болады. Бұл өмірдің шындығы. Әлде өмірдің басқа кезеңдерінде қиыншылық болмай ма? Бойдақтық өмірдің қиыншылығы жоқ деп кім айтты? Негізінде бойдақтықтың жеке өзі бір проблема. Жанұялық өмірден бас тарту өзін-өзі аяқ асты етуден басқа ештеңе емес. Үйлену денсаулықтың материалдық және рухани кепілі. Бұл сөздерді медицинада тер төккен мамандар айтуда...
Құран кәрімде: «Аллаһ үйлеріңді сендер үшін тыныштық және бақыттылықтың орны етті.» (Нахл-80) деп бұйырғанына қарағанда бақыттылықты басқа жерден іздеу қажетсіз, бос нәрсе болады. Тіпті жаратылысқа қайшы болғандықтан зиянды болады.
Әрине әрбір ниғметтің бір машақаты болғаны сияқты, бұл “бақыт” ниғметінің де қиыншылығы болады. Гүл керек болса, үстіндегі бір екі тал тікеніне де шыдау керек. Аллаһу та’ала шексіз мейірімділік иесі, бұл кішкентай тікендерге сабырлықты да қарсылықсыз қалдырмайды. Дүниеде де ахыретте де артығымен бұның қарсылығын беруде. Пайғамбарымыз да бұны былай сүйіншілеген: «Әйелінің жаман мінездеріне шыдаған еркек, бәлелерге сабыр еткен хазірет Айуб секілді сыйапатқа қауышады. Күйеуінің жаман мінездеріне сабыр еткен әйел де, хазірет Асиа секілді сауапқа қауышады.»
Үйлену үшін осы үлкен ниғмет және себеп жетпей ме? Бір мұсылманға бұдан асқан ниғмет бола ма?