Сұхбат - МҰСЫЛМАН ТАЗА БОЛАДЫ
Мұсылмандар тазалыққа мән береді. Мешіттерге үйлеріне аяқ киімімен кірмейді. Кілемдер, төсеніштер шаңсыз таза болады. Мұсылмандардың денелері, киімдері, тағамдары, айналасы үнемі таза тұрады. Сондықтан микроп және бактериялар жоламайды. Ислам жолымен жүрген адам аурулардан ұзақ болады.
Дін надандары Исламға тазалық жағынан ештеңе айта алмайды. Ал Француздардың дүние жүзіне жар салып мақтан тұтатын Версаль сарайында бірде-бір монша болған емес.
Бір күні табииннен болған жастар Сахабаларға келіп былай сұрады:
- Аллаһу та’ала сіздерді қатты жақсы көреді. Құран кәрімде де сіздерді мақтаған. Бұның себебі неде?
Олар былай деп жауап берді:
- Иә, бізді жақсы көреді. Өйткені біз тазалыққа қатты мән береміз.
Аллаһу та’ала Құран кәрімнің көп жерлерінде «Таза болғандарды жақсы көремін» деп бұйырған.
Пайғамбаымыз да былай деп бұйырған: «Тазалық иманның жартысы.»
Күннің тарихы - Тұрғыт Раистің қайтыс болуы
23 маусым 1565 жылы ұлы түрік теңізшісі Тұрғыт Раис (адмирал Тұрғыт) шәһит болды. Барбарос Хайреддин Пашаның жанында жетілген және оның сенімді Раистерінің (адмирал, теңізші) бірі болған Тұрғыт Раис Превеза соғысына қатысып жетістігімен көзге түскен.
Тұрғыт Раис 21 тамыз 1531 ж Триполитанияны (Либия) қолға түсіріп бұл жердегі 41 жылға созылған Христиандық билігін тоқтатты. Ұзақ жылдар бойы сол жерді басқарған Тұрғыт Раис көзін жұмғанға дейін Ақтеңізде желкенін ашып едәуір жеңістерге қол жеткізді. 80 жасында Малта соғысында әскерлерін бастап кірген айқаста басынан алған ауыр жарақатынан кейін 5 күн ес-түссіз жатып шәһиттік мәртебесіне қауышты.