Транспорт - ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ
- Маусымына қарай жолдың шарттары да өзгеретіні есте болу керек. Жаңбыр және құмдар жолды сырғанақ халге келтіретінін ұмытпау керек.
- Ұзақ уақыт жүргізгенде, күн шығарда және күн батарда абай болу керек.
- Ұзақ сапарға шыққанда жиі-жиі тоқтап, жүйкені демалдырып тұру қажет.
- Сағат 03:00 пен 05:00 арасы ұйқының ең қатты қысатын уақыттары. Бұл уақыттарда өте сақ болу керек.
- Мүлдем спирттік ішімдік ішпеу керек.
- Ұзақ жолға шығарда ұйқы қысу немесе қарны ашу сияқты қажеттіліктер болмауы тиіс және күндіз шығуға тырысу керек.
- Қыста жолдың беті мұзды, сулы және қарлы болуы мүмкін екендігі әсіресе жел соғатын аймақтарда мұз қататыны әрдайым ойда болу керек.
Күн Шаян шоқжұлдызында
Бүгін 21 маусым. Күн Тауешкі шоқжұлдызына кіріп, жаз маусымы басталды. Жаз маусымы 94 күнге созылып, 22-қыркүйекте аяқталады. Күн бұл шоқжұлдызда 31 күн болады және 22-шілдеде Арыстан шоқжұлдызына кіреді.
Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та кәсіпке айналған.
Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.
Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі ғылыми шындық. Алайда Шоқжұлдыздарға қарап бал ашу және оған сену қате нәрсе.