Untitled Document

Мақала - Миссионерлік әрекеттер

Миссионерлік әрекеттер соңғы айларда шұғыл дами бастады. Бұл әрекеттердің қосалқы өнімі болған Діндераралық диалогтың әрдайым күн тәртібінде ұсталуы да осы өзгерістің бір бөлшегі болып табылады. Бұрын тек діни тұрғыдан қауіп төндірген мұндай әрекеттер елдің қауіпсіздігі тұрғысынан да үлкен қауіп төндіре бастады. Мұны байқаған кейбір мемлекеттік ұйымдарымыз бен ақпарат құралдарымыз анда-санда мақалалар жариялаумен шектеледі.

Тарихта Африкаға бағытталған алғашқы миссионерлік әрекеттер діни сипаттан гөрі саяси, әлеуметтік және экономикалық мақсаттардағы сенім мен мәдениет ортасын қалыптастыру әрекеті екендігінің айқын көрінісі болып табылады.

Кенияның алғашқы президенті болған Джомо Кениятта (1889-1978) миссионерлердің мақсатын былай көрсетеді:

«Христиан діні Африкаға барған кезде африкалықтардың қолында жерлері, кен көздері, ал христиандардың қолында тек Інжілдері бар болатын. Христиандар бізге көзімізді жұмып тұрып дұға және ғибадат жасауды уағыздады. Көзімізді ашып қараған кезде олар біздің жерлерімізді, кендерімізді, ал біз олардың Інжілдерін алған едік. Олардың қолында жерлеріміз, біздің қолымызда Інжіл бар еді…» Бұл сөздер саяси үндеу емес, тарихи шындық болып табылады.

Ең алдымен христианның мұсылман болуы оңай, бірақ мұсылманның христиан болуынан асқан қиын іс жоқ. Сондықтан ешқандай миссионер мұсылман адамға тікелей «мен сені христиан етуге келдім» демейді. Оның сенімінен және мәдениетінен бір нәрсе құлатуды қалайды.

Олардың ең көп қолданатын дәйектері христиан дінінің өз өкілдерін алға тартатындығы, ал Ислам дінінің кері қалдыратыны туралы пікір. Әрине, тарих оқыған адам мұның қате екенін біледі. Ренессанс, реформа және ағарту әрекеттерінің христиан дініне қарсы реакция ретінде шыққанын барлық адам біледі.

Егер сіздің мақсатыңыз дініңізді уағыздау болса және Исаға иман келтіруді көздесеңіз неге алдымен дінсіз, атеист, есірткіге әуес, сатанист адамдарға уағыздамайсыңдар, неге әлемнің ең алыс жерлеріндегі мұсылман жастарына бет бұрасыз?