Денсаулық - Қауын-қарбыз
Қауын мен қарбыз әрі тамақ, әрі сусын. Асқазан мен ішектерді тазалайды. Теріні әдемілейді, бас ауруын жазады.
Қарбыз асқазанда тез қорытылады. Тамақтан бұрын жесе ағзаларды тазалайды. Бас ауруына жақсы.
Қауын мен қарбыз қуық тастарын ерітеді, зәрді көбейтеді және ас қорытуды жеңілдетеді.
Қауын немесе оның дәндерімен бетті сүртсе дақтарды кетіреді.
Пайғамбарымыз қарбызды жас құрмамен бірге жеген.
Күннің тарихы - Осман бин Аффан – зиннурайн (радиаллаһу анһ)
Орта бойлы, сақалы қалын, сарғыш реңді, әдемі жүзді еді. Бәдір соғысынан басқа соғыстың бәріне қатысты. Намаздың бір рәкатында бүкіл Құранды оқыған төрт адамның бірі. Көп оқығандықтан екі мусхаф тоздырады. Хазіреті Әбу Бәкірдің жинаған Құран Кәрімінен тағы алты нұсқа жаздырып, алты жерге жіберді.
Ислам діні тарала бастағаннан кейін сан тараптан мұсылман болғандар Мәдина Мунаууараға келе бастады. Мәсжиди шәриф тар болғандықтан келгендер орын таппады. Далаға шатыр құрып отырды. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам «Кімде-кім біздің осы мешітті бір зра кеңейтсе, жәннатқа барады» дегенде, Осман (радиаллаһу анһ) “Ей Расулаллаһ! Менің мал-мүлкім Сіздің жолыңызға пида болсын. Мен кеңейтемін” деді. Сөйтіп, мешітті қырық зра кеңейтіп берді.
Осы оқиғадан кейін Аллаһу Та’ала «Аллаһу Та’аланың мешіттерін тек Аллаһқа және ақырет күніне сенетін, намазды толық оқитын, зекет беретін және Аллаһу Та’аладан қорқатын адамдар жөндейді. Осы сипаттағы кісілерге жәннатқа апарушы амалдарды жасауы керек» мағынасындағы Тәуба сүресінің 18-аятын жіберді.