Тарих - Корея соғысындағы бір ғибратты жағдай
1964 жылы түрік әскери делегациясы Америкаға іс-сапармен барады. Ол жақта кешкі асқа шақырған Америка офицерінің кітапханасынан "Mc. Call" атты журналды көреді. 1958 жылғы бұл журналда тұтқындар лагеріндегі түрік әскерлерімен Америка әскерлерін былай салыстырылған:
«Корея соғысындағы бір шабуыл кезінде қытайлықтар көп тұтқын қолға түсірген еді. Ауа райы өте суық және қарлы болады. Тұтқындар көшінде өте көп мөлшерде жаралылар және аурулар бар еді. Жүре алмаған тұтқынды жолдың шетіне шығарып қытайлық күзетші шекесінен атып тастайтын. Бұл әрекет барлық ұлт өкілінде қайталана береді. Бірақ кезек түрік ұлтына келгенде мәселе өзгеретін еді. Қытайлық күзетшіден бұрын екі-үш түрік жүгіріп келіп жолдастарын арқалай кететін. Тұтқындардың әскери формаларын шешіп бәріне бірдей тұтқын киімін кидіретін. Басқа тұтқындарда әскери шен қалмағандықтан тәртіп те болмайтын еді. Ал түріктерде офицер әлі де офицер, қатардағы жауынгер қатардағы жауынгер бойынша қалатын. Бұрынғыша тәртіп жалғасатын.
Қытайлықтар 100 адамға 15-20 адамға жететіндей тамақ әкеліп ортаға тастап кететін. Мықтылар қалағанынша жеп әлі жетпейтіндер аш қалатын. Ал түріктерде кезекші тамақты алып бірдей етіп 100-ге бөліп таратып шығатын.
Бұл тұтқындар лагерінде Америкалық және ағылшын тұтқындарының 50% өледі. Ал түрік тұтқындарында өлген адам жоқ еді. Өйткені түріктердің арасында үлкенге құрмет бар еді. Әр күні таңертеңгісін іштеріндегі үлкені сол күнгі атқарылатын міндеттерді адамдарға бөліп беретін.
Америкалық жанұялар сұрайды: «Әр түрлі мүмкіндіктерді беріп, комфорт жағдайларда өсіріп жетілдірген балаларымыз сәтсіздікке ұшырады, ал түріктер сәттілікке қол жеткізді. Біздікілер бір-біріне қол жұмсаған жоқ. Бірақ әркім өз басының қамымен әуре болды. Жанұяларын, отандарын ұмытып сол жақта қалып қойды. Себебі неде?..»
Өйткені бірнеше америкалық және ағылшын әскерлерінің миы жуылып соғыстан кейін елдеріне қайтудан бас тартты. Бірақ бірде-бір түрік әскері қалмады. Бұл бірлікпен ынтымақтың себебін сұраған қытайлықтарға бір түрік офицері былай деп жауап берген екен:
«Түрік әскерінің тәрбиесі – казармадан алған әскери тәрбиеден бұрын үйінен алған рухани түркі тәрбиесіне негізделеді. Біз дисциплинаны әуелі анамыздан үйренеміз және ең алдымен жанұя ішінде орнықтырамыз...»