Untitled Document

Сіз білесіз бе? - Индонезия мұсылмандары

Индонезияда азан айтатындарды «Билал» деп атайды екен. Ислам тарихының алғашқы азаншысы Билал Хабәшидің "радиаллаһу анһ" даусы және рухы секілді болған азаншылар Ява, Ачех, Суматра, Малайзия немесе Калимантан мешіттерінде күніне бес уақыт мұсындарды намазға шақырады екен.

Индонезияда мұсылмандық зорлықпен емес, көңіл разылығымен қабылданған. Мұсылман саудагерлер бұл қиыр шығыс адамдарымен сауда-саттық жасағандағы тапқан ең үлкен табыстары жаңа мұсылмандар болды. Иман тазалығымен Меккеге қарай асыққан Билал Хабәшидің ғашықтары қар көшкініндей болып көбейе берді. Сиырға немесе ағашқа табынатын буддисттердің қысымына кейін батыстың отаршылдық әрекеттеріне қарсы төтеп берді. Халифа-и Ру-и заминнен (жер жүзінің халифасынан) көмек сұрады. Османлы сұлтаны Суәйш капитаны Қурдоғлу Хызыр Раиске осы міндетті тапсырды. Хызыр Раис мұсылман Ачех мемлекетінің сұлтаны Алаәддинмен кездесті. Оларды басқыншыл Португалдықтардан құтқарды. Кейбір Османдық әскерлер осы иманды және көркем мінезді адамдармен бірге қалды. Бүгіндерде де көптеген мұсылман Ачехтіктер бабаларының Османдықтар екенін мақтана айтады.

Миллиондаған Индонезиялық мұсылмандардың көңілдері әулие сүйіспеншілігімен толы. Хазреті Имам Ғазалидің файз-берекесімен әһли сүннет сенімін ұстап қалған.