Untitled Document

Әлем - ЕВРОПАНЫҢ ЕҢ МАЙДА МЕМЛЕКЕТТЕРІ

Ватикан

Ватикан – Италияның Рим қаласында орналасқан христиан дініндегі католик ағымының басқару орталығы және дүниенің ең кішкентай мемлекеті. Жер көлемі 0,440 км2, халық саны 700 адам (2006ж санақ). Тілі италиандық, латынша және французша. Шекарасы бояуменен сызылған. Папа әрі елбасы, әрі католик ағымының рухани лидері. Ватиканның тікелей немесе басқа жолдар арқылы басқаратын күндік, апталық және айлық 200-ден астам газет және журналдары, 154 радио станциялары, 49 ТВ каналы және кабельді ақпарат тарату орталықтары бар.

Монако

Ватиканнан кейінгі дүниенің ең кішкентай тәуелсіз мемлекеті – Монако княздігі, дүниедегі халық тығыздығы жағынан алдыңғы қатарда. Шекаралары Францияның ішінде орналасқан. Ресми тілі французша, жер көлемі 1,49км2, халық саны 32 409 (2005ж), фестиваль, кино және спорт орталығы. Туризм өте күшті дамыған.

Сан Марино

Европаның бес майда өлкесінің бірі – Сан Марино Республикасы. Оңтүстік Европада орналасқан. Италия шекарасымен қапталған. Дүниедегі ең ескі Республика. Жер көлемі 61,2км2, халық саны 28 117 (2005ж), ресми тілі италианша. Рельефі таулармен қапталған.

Лихтенштейн

Швецария және Австрияның арасында орналасқан. Рен аңғары Лихтенштейнның жартысын қоршап тұр, ал қалған жастысы Альп аймағынада орналасқан. Жер көлемі 160км2, халық саны 34 600 (2004ж санақ), ресми тілі немісше.

Андорра

Андорра княздігі Оңтүстік Батыс Европада Пирен тауларында, теңізге жағасы жоқ, Франциямен Испанияның арасында орналасқан кішкентай мемлекет. Жер көлемі 468 км2, халық саны 69 150. Рельефі тік таулармен тар аңғарлардан құралған. Тілі каталанша, діні католик.