Untitled Document

Сұхбат - КЕДЕЙЛІКтің себебі жалқаулық

Рызықты беретін Аллаһу та’ала. Жұмыс істеу рызықты көбейтпейді. Жұмыс істеу арқылы рызықтың себебіне жүгінген боламыз. Бұл сүннет. Хазірети Лұқман: «Еңбек етіп табысқа жет! Еңбек етпей мұқтаж болған адамның діні де ақылы да нұқсан!» деп бұйырған. Рызық үшін алаңдамау керек! Құран кәрімде «Әрбір жандының рызқы Аллаһқа тиісті» деп бұйырылған. Хадис шарифтерде:

  • Рызық үшін қайғырма, тағдырыңда болған рызық сені табады. [Исфахани]
  • Еңбек етіп күн көру әрбір мұсылманға фарз. [Табарани]
  • Еңбек етпей өзін садақа сұрайтындай дәрежеге түсірген кісі 70 нәрсеге мұқтаж болады. [Тирмизи]
  • Әке-шешені, бала-шағаны бағу үшін, ешкімге мұқтаж болмау үшін еңбек ету – жихад. [И. Асакир]
  • Өмірім ұзақ болсын, рызығым мол болсын деген адам туыстарын зиярат етсін, оларға қамқор болсын! [И. Ахмед]
  • Таңертеңгілік ұйқы рызыққа кедергі болады. [Байхаки]
  • Қажеттілігін (жоқшылығын) халыққа ашқан, мұқтаждықтан құтыла алмайды. Аллаһтан сұраған мұқтаждықтан құтылады. [Хаким]
  • Үйге кірерде “Ықылас” сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді. [Қуртуби]
  • Әр түні “Уақиға” cүресін оқыған адам кедейлік көрмейді. [Асакир]
  • Қиындыққа тап болған немесе қарызданған адам, мың рет “Лә хаулә уәла қууата иллә билләһил алийил азыйм” десе Аллаһу та’ала жұмысын жеңілдетеді. [Шира]
  • Рызыққа қауышқан кісі көп шүкір етсін! Рызығы азайған да көп истиғфар етсін! [Хатиб]

Құран кәрімде: «Аллаһтан қорыққанға, Аллаһ қиыншылықтан шығу жолын береді және рызығын ойламаған жерден жібереді.» деп бұйырылды. [Талақ 2,3]

Шүкір – “Әлхамдулилләһ”, Истиғфар – “Астағфируллаһ” деген сөз. Истиғфар ету – күнәларының кешірілуіне себеп болатын жақсылықтарды жасау деген сөз.

Бала-шағасын бағуда қиыншылық шегіп жүрген бір адамға Пайғамбарымыз: “Неге истиғфар айтпайсың? Мен күніне 100 рет истиғфар айтамын” деп бұйырған.

Хасан Басри хазреттеріне бірнеше адам жұт, жоқшылық және бала болмауын шағымданып келген еді. Бәріне истиғфар айтуларын бұйырды. Себебін сұрағанда мына аят кәриманы оқыды: «Көктен мол жауын жаудыруы үшін, сендерге мал-мүлкпен бала-шаға беруі үшін, сендерге бау-бақша, өзендер беруі үшін, өте кешірімді болған Раббыңызға истиғфар айтыңдар” [Нух 10-12]