Untitled Document

Замана - Палестина

Газаның 1 миллион 500 мыңдық халқының 900 мыңға жуығы босқындар лагерлерінде өмір сүруде. Бұл адамдардың денсаулық, білім алу және басқа да қажеттіліктерін БҰҰ, халық аралық жәрдем ұйымдары және арап өлкелерінен жіберілетін жәрдемдермен қамтамасыз етілуде..

Осы орайда 37 мемлекеттен әртүрлі тіл, әр түрлі ұлт, әр түрлі дін өкілдерінен құралған 700-ден астам активист, парламент депутаттары, академик, журналист, жазушы және басқа да маман иелері Газа халқына көмек беру үшін, үміт беру үшін бір араға келген еді. 9 кеме жолға шығып олардың 3-і техникалық ақауларға байланысты кейін қалып, 6 кеме 30 мамыр күні Оңтүстік Кипр ашық теңізінде кездесті. Бұлардың 3-і Түркиядан, 2-і АҚШ-тан, 2-і Грекиядан, 1-і Ирландиядан еді. Кемеде азық-түлік, текстиль өнімдері, киім-кешек, аяқ киім, кілем, үй жиһаздары, медициналық жабдықтар, дәрілер, балалар ойын алаңдары, құрамалы үйлер, құрылыс заттары, құрал-саймандар және электрлі техникалар сияқты т.б. қажетті жабдықтар болды. 31 мамыр түнгі 3:30 шамаларында халықаралық теңіз суларында 4 Израиль әскери кемесі, сүңгуір кемелер және тікұшақтар ең алда келе жатқан Мави Мармара атты түрік кемесін қоршауға алып, израиль әскерлері кемеге оқ жаудырды. Осы арада бірнеше кеме жолаушылары өте жақын ара-қашықтықтан бастарынан атып өлтірілді. Өте көп адамдар жараланды. Бүкіл жолаушылар Израилдің Ашдод портына зорлықпен әкелініп Биршеба түрмесіне қамалып мұнда 1,5 тәулік бойы соққыға жығылып, жәбірленді. Жаралы демей, әйел демей үнемі қорлаушы әрекеттер, мәмілелер танытылды. Бірінші күні кешке әр елдің елшілік өкілдері келіп келіссөздер жүргізіп азаматтарын кері қайтара бастады. Жолаушылардың жеке заттары кейін ұшақпен жіберілетіні айтылды, алайда қолымызға тигені бос сөмкелер, сындырылған ұялы телефондар және камералар болды. Өте көп мөлшерде электронды жиһаздар Израилдіктердің қолында кетті. Бұл шапқыншылық нәтижесінде 9 адам өліп, 50-ден астам адам ауыр жарақат алды.