Сұхбат - Иегова куәгерлері
Америка Құрама Штаттарында Чарльз Тэйз Рассел тарапынан 1872 ж құрылған және 1931 жылдан кейін өздерін осы атпен таныта бастаған миссионерлер ұйымына берілген атау.
Көріністе хазреті Иса туралы киелі кітаптар туралы айтатын Иегова куәгерлері, шындығында “Дүние жаннаты” сенімін тарату үшін сионизм әмірінде жұмыс істейтін ағым. Инжил – Иегова атты тәңірлерінің сөздері екендігін, өздерінің хазреті Адамның баласы Әбілден хазреті Исаға дейін жалғасып келген ұзын кезеңдегі куәгерлердің соңғы өкілдері екендіктеріне сенеді. Иегова тәңірі хазреті Исаға жер бетіне Иса хандығы деп аталатын бір діни мемлекет құруын міндеттегенін және күнәхарлардың хазреті Иса арқылы Тәңір Иеговаға қайтадан байлана алатындығына сенеді. Құрылатын Иса хандығының 114 000 таңдалған еврей тарапынан басқарылатынына және Иегова куәгерлерінің осы хандықта өмір сүріп еш өлмейтіндеріне сенеді. Жаннатқа, Жаһаннамға және өлгеннен кейінгі тірілуге, періштелерге, тағдырға, қияметке және рухтың бар екендігіне сенбейді. “Өлім – адамның толығымен жоқ болуы” деп айтады.
Ұлттық және рухани құндылықтарды жоққа шығару және “Дүние Жаннаты” сенімін уағыздау жағынан коммунисттермен ұқсастықтары бар. Иегова куәгерлеры өз сенімдері және құрмақшы болған жүйелерінен басқа бүкіл діндерге, заңдарға, ұлттарға, байраққа, мемлекетке және әскерге дұшпан.
Кейбір христиандар “Иса – үш тәңірдің біреуі” деп сенеді. Иеговашылар жалғыз тәңір Иегова деп айтқанымен “Иса Иегованың ұлы, үстем жаратылыс” деп сенеді. Хазреті Исаны тәңірліктен шығаруы және рухты қабыл етпеулері католик, православ протестан христиандарының ызасын келтіреді. Иеговашылардың сенімі бойынша басқа христиандардың сеніміндегідей барлық бала күнәхар болып туылады.
Сенімдерін үйрету үшін христиандықтарын жасырады. Иегованың орнына “Аллаһ” және басқа да мұсылмандық терминдерін қолданады. Жылы, жағымды сөздермен әсіресе мұсылман балаларын алдауға, өз мақсаттарына қызмет еттіруге талпынады. Тапқан-білген адрестеріне кітапшалармен (брошюра), хаттар жібереді. Көркем, сәнді киінген әдемі қыздарды әрбір есіктерді аралатып үйлерге, жұмыс орындарына осындай хаттарын таратады.
Мұсылмандар дінінің негізін өте жақсы білгендіктен бұлардың сандырақтарына өтіріктеріне айлаларына түспеуде.
Аллаһу та’ала бәрімізді, осы және осыған ұқсас азғындардың қате пікірлеріне және пропагандаларына алданудан сақтасын!