Untitled Document

Ғылым-техника - Сыры ашылмаған жаңалықтар

Ғалымдар бүкіл дүние жүзін таң қалдырған және төменде аталып өткен жаңалықтардың сырын әлі шеше алмай келеді. Фокус журналының 2007 ж наурыз айындағы санында жарияланған бұл жаңалықтардың бірнешеуі мыналар:

Былжырсыз(растворсыз) қаланған тасты дуал: Перудың Куско аймағындағы Инка қорғанының айналасына ұзындығы 360 метрге созылған дуал тұрғызылған. Ирек (зигзаг) түрде салынып, биіктігі 9 метрге жететін бұл дуалдың құрылысында, біреуі 300 тонна болатын әк тасты блоктар қаланған. Бірақ мүлдем былжыр қолданылмағанымен бұл тастардың арасына пышақ та кірмейді.

Көне дәуірлік компьютер: 1900 ж Крит аралында табылған, ағаш қораптың ішінде бронзадан тізілген тістерден тұратын бір құралдың ай, күн және басқа да планеталардың орындарын есептеу үшін жасалғаны болжануда.

1000 жылға созылған қала құрылысы: Тынық мұхитындағы Микронезия аралының маңындағы көне Нан Мадол қаласының құрылысы б.з.д. 200 ж басталып 1000 жылға созылған. 250 миллион тонналық алып базальт блоктары қолданылып тұрғызылған бұл қала 100 жасанды аралдарды каналдармен бір-біріне байлаған. Базальт блоктарын ол жерлерге қалай тасымалдағаны әлі күнге дейін құпия болып келеді.

Болашақты көрген карта: Танымал Түрк теңізшісі Пири Реис 1513 ж сызған Африка, Америка және Оңтүстік полюсті көрсеткен картасы 1929 жылы табылғанда ғалымдарды таң қалдырды. Өйткені оңтүстік полюстің ашылуы картаның сызылуынан әлдеқайда кейін яғни 1818 ж жүзеге асқан еді. Бір ғажабы бұл картада мұз астындағы жағалаулар да көрсетілнен, ал бұл материк үстіндегі мұздар картаның сызылуынан 6000 жыл бұрын еріген.

2000 жылдық батарея: Неміс археологы Уилем Кониг тарапынан 1938 ж Бағдат қаласының маңынан табылған 2000 жылдық батарея ғалымдарды қайран қалдырды. Ұзындығы 13 сантиметрлік балшықтан жасалған құтының ішіне қондырылған затты, әлемдегі ең ескі батарея деп қабылдады.

Кристал бассүйек қаңқасы: Мая дәуіріне жататын 1000 жылдық бассүек қаңқасы тек бір дана кристалдан ойылып жасалған. Қалай жасалғаны әлі күнге дейін белгісіз болған бассүектің астынан жіберілген жарық тікелей көз шұқырларынан шығады. Бұлай жасау қазіргі күнгі технологиямен де мүмкін еместігі айтылуда.

Тасқа көмілген балға: 1936 ж Техаста 400-500 миллион жылдық бір таудың ішінде көмулі тұрған ағаш сапты балға табылды. Қазіргі күннің аспабы саналатын бұл балғаның таудың баурайына қалай кіргені және темірінің күніміздегі темірлерден де таза болуы ғалымдардың таңданысын тудырды...