Сұхбат - МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕЙІРІМДІЛІК ДІНІ
Мұсылмандық – мейірімділік діні. Күллі жаратылысқа мейірімділік пен қайырымдылық көрсету – Мұсылмандықтың әмірі. Адам болсын, хайуан болсын барлығына мейірімді және рақымды болу керек. Еш қайсысына қатыгез, мейірімсіз болмау керек.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Жәннатқа тек қана мейірімді болғандар кіреді.»
«Адамдарды қолымен және тілімен ренжітпейтін, оларға азап бермейтін, зияны тимейтін адамға мұсылман делінеді.»
Аллаһу та’ала рақымдылардың рақымдысы. Құлдарына рақымдылық етіп, пайғамбарлар жіберген. Олар арқылы құлдарына тура жолды және мәңгілік бақыт жолын көрсеткен, оларды өзіне шақырған. Ризашылығының, махаббатының мекені болған жаннатқа шақырған.
Арштың астында: «Мен мейірімділердің ең мейірімдісімін, мейірімім азабымнан да көп» деп жазылғаны және Жаннат қауымының екі еседей мөлшердегі адамдарды Жаһаннамнан шығарып, оларды кешіретіндігін білдірген. Мұндай мейірім иесінің шақыруын қабылдамағандар, қаншалықты бейшара десеңші!
Күн Егіздер шоқжұлдызында
Бүгін 20 мамыр. Күн Егіздер шоқжұлдызына кірді және жаз маусымының 3-айы басталды. Күн бұл шоқжұлдызда 32 күн болады және 21-маусымда Шаян шоқжұлдызына кіреді.