Денсаулық - АУРУ ЕМЕС СУСЫЗ ҚАЛҒАНСЫЗ
Ирандық дәрігер Батмангхалиж аурулардың көбі денедегі су тапшылығынан туындауда екенін атап өтті. Судың денеге пайдалары мыналар:
- Сусыздық – денедегі кейбір функцияларды кідіртеді, кейін өліміне әкеледі.
- Су – негізгі энергия көзі. Барлық клеткаларға магниттік және электрлік энергиялар тудыртады.
- Клеткалардың құрамындағы әлементерді бір-бірімен біріктіріп, байланыстырады.
- ДНК-ның зақымдануының алдын алады.
- Иммунитет жүйесінің негізі саналатын жілік майын түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.
- Азық, витамин және минералдардың негізгі еріткіші.
- Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
- Эритроциттың жұмыс өнімділігін арттырады.
- Клеткаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.
- Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
- Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады.
- Омыртқа дискілерін шокты басатын су көпшіктеріне айналдырады.
- Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
- Дене температурасын реттейді.
- Мидың функциялары үшін күш және электрлік әнергия көзі.
- Жүрек ауруы мен паралич ауруынан сақтайды.
- Мидан бөлінетін гормондардың жасалуы үшін қажет.
- Зейінді ашады.
- Жұмыс өнімділігін арттырады.
- Ешқандай жанама әсері жоқ.
- Стресс пен депрессияны басады.
- Ұйқыны жөнге келтіреді.
- Шаршағанды кетіреді.
- Теріні жұмсартады.
- Көздерге жанар береді.
- Қан өндірісін реттейді.
- Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.
- Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.
- Етеккірден бұрын келетін сырқат пен дене қызуын басады.
- Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.
- Салмақ қосуды жеңілдетеді.
- Жүктілікте жүрек айнуын азайтады.
- Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмекші болады.