Сұхбат - Әжетханаға кіру әдебі
- Әжетханаға сол аяқпен кіріп, аяқпен шығу керек.
- Дәретке қыблаға оң немесе сол жағымен қарап отыру. Дәрет сындырғанда қыблаға қарай алдымен немесе артымен отыру тахримән мәкрух болады.
- Әжетханаға кiру үшiн арнайы шалбар қолдану және басы жабық түрде кiру мустахаб.
- Әжетханаға кiргенде, қолында Аллаһу тағаланың есiмi және Құран Кәрiм жазылған бiр нәрсе болмауы керек. Бiр нәрсеге оралған немесе қалтада болуы керек.
- Әжетханада аурет жерiн отыра ашу және сөйлемеу керек.
- Әжетханада бір нәрсе ішіп жеу, сағыз шәйнау, шегу мәкрух.
- Ұят жерiне және нәжіске қарамау керек. Әжетханаға түкiрмеу керек.
- Ешбiр суға, мешiт қабырғасына және айналасына, молаға және жолға дәрет сындыруға болмайды.
- Кірерде «Аллаһумма аъузу бикә минәл хубси уәл хабаис» дұғасы оқылады.
Тарих - КОЛУМБТЫҢ МӘДЕНИЕТТІЛІГІ
Христофор Колумб Америкаға барғаннан кейін 12 қараша 1492 жылғы күнделігіне былай жазған:
«Бұл адамдар (қызыл терілілер) ешбір ағымда емес, пұтқа да табынбайды. Жамандық дегеннің не екенін білмейді, бір-бірлерін өлтіруді білмейді. Еш қарулары да жоқ. Олай болса, бұлар үркек және жұмсақ келеді, құстар үйірін үркіткендей жүз адамын қырғынға салу үшін біздің бір адам да жеткілікті»
Айтқандары дәл келуін қараңдар! Арадан 500 жылдан астам уақыт өтті. Колумбтың сөз жүзіндегі мәденииетті адамдары өркениеттілік және технологияның атынан ол адамдардың көбісін өлтіріп болды. Басқа құрлықтарда да түрлі жауыздық әрекеттерімен жәбірлеуді жалғастыруда.