Untitled Document

Тарих - ҮНДІСТАНДА АҒЫЛШЫНДАР (4)

Мұсылмандардың қиналғандығын, көшеде жүрген әйел-қыздардың қанға бөленіп жүргендерін көргеннен лаззат алатын. Үндістанда жыл сайын сиырды құрбандыққа шалу себебімен ұрыс-керістер болып, соның салдарынан жүздеген, мыңдаған мұсылмандардың қаны төгілетін. Бұл дұшпандықты одан әрі өрбіту үшін мұсылмандар атынан: «Құрбандыққа бір сиыр сою, жеті қой сойғаннан абзал» деген пікірді жайды. Ал үнділер жағына «Сиыр тәңірін өлімнен құтқару үлкен сауап» деп үгіттеді. Бұған мысал ретінде бас уәкіл Мусад заманында, Иранда шыққан «Иттилет» атты журналдағы мақалаға назар аударайық:

«Құрбандық мерекесіне арнап сақалды, сәлделі екі мұсылман кісі бірігіп бір сиыр сатып алады. Үнділердің мекенінен өтіп бара жатқанында бір үнді бұлардан сиырды не істейтіндігі жайлы сұрады. Оны құрбандыққа шалатындығын айтады. Сол мезетте әлгі үнді бар дауысымен: «Ей халайық! Біздің тәңірімізді құрбандық етпек, жиналыңдар» деп айқайға салады. Ал мұсылман екі кісі: «Ей мұсылмандар! Көмек беріңдер, біздің құрбандығымызды тартып алмақ» деп дауыстайды. Сол мезетте екі топтағы кісілер бір-бірімен алыса кетеді. Осы оқиғада жүздеген мұсылмандар өлтірілді. Әлгі сиырды үнділердің мекеніне алып келген кісілерді ағылшын әкімшілігіне кіріп бара жатқандығын біреулер көрген. Бұл оқиғадан аңғарарымыз бұл ағылшындардың салған бүлігі екендігі анық. Осы оқиғаларды жазған кісі ағылшындарға біз сендердің мұсылмандарға істеген зұлымдықтарыңызды білеміз деп үндеу жазған». Осы сияқты жолдармен көптеген бүліктер шығарып, мұсылмандарды жоюға тырысқан.

«Ағылшын тыңшысының мойындаулары» кітабынан