Untitled Document

Тарих - ҮНДІСТАНДА АҒЫЛШЫНДАР (3)

Лорд Макалей Үндістанда нәсілі үнді болғанымен, олардың пікірін, сенімін, мінез-құлқын ағылшындардың тәрбиесіне сай етіп тәрбиелеуге көп ат салысты. Миссионерлік мектептерде ағылшын тілі мен әдебиетін және христиандықтың үйретілуіне қатты назар аударды. Ал басқа математика, физика, химия сияқты ғылым салаларына мүлдем мән берілмеді. Осындай тәрбие алғандар тек ағылшын тілі мен христиандық діні жайлы ғана біліп, қалған салаларда қараңғы-надан болып қала берді.

Ағылшын Сэр Жон Стреги мұсылман мен үнділер арасындағы байланыс, қарым-қатынас жайлы былай баяндайды: «Үстемдік құру, араларын жік-жікке бөлу үшін, жасалатын әрбір әрекет үкіметіміздің саясатына қажет болатын. Үндістандағы саясатымызға ол жердегі бір-біріне дұшпан екі топтың болуы көп көмегін тигізді».

Бұл дұшпандықты күшейте отырып ағылшындар 1164 (1750) – 1287 (1870) жылдар аралығында үнемі үнділерге жәрдем бере отырып, көп мұсылмандардың өлімдеріне себепші болды.

1858 жылы басталған мұсылман-үндістер арасындағы соғыс барған сайын үдеп, күшейе берді. Ағылшындар үнділерді мұсылмандарға салып қойып сырттан бақылап тұратын.

(жалғасы ертең)