Untitled Document

Тарих - ҮНДІСТАНДА АҒЫЛШЫНДАР (2)

Ғасырлардан бері сақталып келген тарихи заттарды, әшекейлерді зергерлік бұйымдарды кемемен Лондонға алып кетті. Үнді сұлтандарынан Шах-жиханның 1041 (м.1631) жылы әйелі Ержүмент ханымның Аградағы қабірінің үстіне салдырған «Таж Махал» атты мазарының қабырғаларынан ұрланған алмас, маржан, жақұт сияқты бағалы тастардың орындары қазіргі таңда лаймен сыланып бекітілген.

Ағылшын ордасы Үндістанды оп-оңай жаулап алып, үлкен ислам мемлекетін жоқ қылды. Халқын Ислам дінінен алыстату үшін ол жердегі медресе және балалар мектептерін түгелімен жапты. Халықты басқара алады деген барлық ғалым, лидерлерді өлтірді. Ағылшындардың үстемдік құрған барлық жерлерінде Ислам ғалымдарын өлтіріп, ислам жайлы жазылған кітаптарды, ислам білімін беретін мектептерді жауып тастады. Тіпті оқушыларын да өлтіріп отырды.

1834 жылы Калькутаға келген әйгілі ағылшын Лорды Макалей, парсы, араб тілдеріндегі кітаптардың басылуына және таралуына тыйым салды.

Ағылшындар Үндістанда Ислами медреселерді жауып, бір жағынан өздерінің көздеген мақсаттарына жеткізетін жастар тәрбиелеу үшін 165 мектеппен колледждер ашты. Оның сегізі қыздар коледжі еді. Бұл колледждерде оқыған студенттерді ата-бабаларының діндеріне дұшпан етіп тәрбиеледі. Үндістанда зұлымдық пен айуандықтың мысалы болған ағылшын әскерлерінің үштен екісі осындай колледждерде білім алған, өз ұлтына дұшпан болған, христианға айналған немесе ақшаға сатылған өз отандастары болатын.

(жалғасы ертең)