Untitled Document

Тарих - ҮНДІСТАНДА АҒЫЛШЫНДАР

Ағылшындар ең алғаш 1600 жылы Үндістанда Калькута қаласында сауда-саттықпен айналысу үшін Акбар Шахтан рұқсат алды. Шах Алем заманында Калькутадан жер сатып алды. Кейін бұл жерді қорғау үшін әскер алдырды. 1858 ж ағылшын әскерлері Дели қаласына басып кірді. Үйлерді дүкендерді қиратып, мал-мүлктерін ақшаларын тонады. Әйел бала демей барлығын аяусыз жаншыды. Тіпті ішетін суға да зар күйге түсірді. 3000 мұсылманды оқпен жаудырып, 27000 адамды қылышпен шаһид етті.

Ағылшын әскеріндегі тыңшылық қызметінің басшысы Патрик Худсон атты поп Хумаюн Шахтың мавзолейінде паналап отырған кәрі Бахадыр Шахқа, “өзіне және бала-шағасына ешкім тимейді” деген қол хат көрсетіп тұзаққа түсірді. Сұлтанды бала-шағаларымен қосып қолдарын кісендеп Қорғанға қарай алып кетті. Патрик Худсон жолда үш баласын шешіндіріп іш киімімен көйлегін ғана қалдырып кеуделеріне табаншамен атып шаһид етті. Қандарын ішіп, денелерін қорғанның есігіне асып қойды. Бір күннен кейін бастарын алып ағылшын командирі Генри Бернардқа алып барды. Кейін бастарынан сорпа кайнатып, Шах және жұбайына берді. Өте аш болғандықтан дереу жей бастады. Бірақ шайнай алмай жұта алмады. Ненің еті екенін білмесе де аузындағын түкіріп ыдыстарын лақтырып жіберді. Патрик Худсон “Неге жемедіңдер өте дәмді сорпа, балаларыңның етінен жасаттым” деді. Кейін Сұлтанды және жұбайын, басқа да жақындарымен бірге Рангон қаласындағы зынданға қамады. Сұлтан 1860ж зынданда қайтыс болды.

(жалғасы ертең)