Әңгіме - Бай және баласы
Бір күні өте бай бір кісі баласын қасына алып адамдардың қаншалықты кедей бола алатынын көрсету үшін оны бір ауылға алып барады. Өте кедей отбасның үйінде бір күн болады. Ертеңіне қалаға қайтып келе жатып әкесі баласынан сұрайды:
- Бұл саяхатымыз қалай болды?
- Өте жақсы болды әке.
- Адамдардың қаншалықты кедей бола алатынын көрдің бе?
- Иә.
- Бұдан не түсіндің?
- Мен мынаны түсіндім; біздің үйде бір итіміз бар, ал бұлардың 4 иті бар. Біздің бақшаның жартысын алып тұрған хауызымыз бар. Бұлардың километрлеп ағып жатқан өзендері бар. Біздің бақшада импортты лампаларымыз бар, олардың жұлдыздары бар. Біздің ауламыз бақшаға дейін ғана, олардікі горизонтқа дейін созылуда. Қаншалықты кедей екенімізді көрсеткеніңіз үшін рахмет әке.
Құбыла бағыты қалай табылады?
Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.
Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.