Untitled Document

Сұхбат - Зинақорлық үлкен күнә

Зинақорлық - дініміз тыйым салған ең үлкен күнәлардың бірі. Өйткені, хадисте «Аллаһтың алдында зинақорлықтан асқан күнә жоқ» делінген.

Бұл көп тартыс болған мәселелердің бірі. Әсіресе бұл күнәнің жүзеге асуы көбіне әйелдердің разылығымен болатындықтан Аллаһу Та’ала Құран Кәрімде бұл күнәні істегендерді жазалауда әйелді еркектен бұрын көрсетті. Бұл күнә адамға дүние мен ақыретте зиян береді және оған барлық діндерде тыйым салынған.

Пайғамбарымыз былай дейді:

«Зинақорлықтың дүниеде 3 жамандығы бар:

Әсемдік пен нұрды кетіреді.

- Кедейлікке себеп болады.

- Өмірдің қысқаруына себеп болады.

Ақыреттегі 3 зияны мыналар:

- Аллаһу Та’аланың азабына ұшырайды.

- Сұрақ пен есепке тартылудың қиын түрде өтуіне себеп болады.

- Тозақ отында азапталуға себеп болады».

Тағы бір хадисте «Басқа әйелдерге қарау - көздің зинақорлығы. Оларды ұстау - қолдың зинақорлығы. Оларға бару - аяқтың зинақорлығы» - делінген.

Күннің тарихы - ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

Адамзат тарихындағы соғыстардың ең қандысы – екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталып, 1945 жылы 8 мамырда аяқталды. 38 миллионға жуық адам қайтыс болған бұл соғыста немістер жеңілді. Бірақ, аз уақыт ішінде күшті мемлекетке айналды.

Жеңген болып көрінгенмен, негізінде жеңілген ағылшындар еді. Империялары кішірейіп, барлық отарларынан біртіндеп айрылды. Қазіргі кезде экономикасы күн санап әлсіреуде. Халқының арасында жаман жолға түсушілік пен келеңсіздік кеңінен таралған. Осман империясының ыдырауында маңызды рөл ойнаған.