Сұхбат - Дәреттен соң
Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейдi: «Кiмде-кiм дәрет алып болып көкке қарап мына дұғаны оқыса, (Субханәкә Аллаһумма уә би хамдика Әшһаду әлла илаһә илла әнтә уәһдаһу лә шарика ләкә әстағфирука уә атуубу илайка Әшһаду әлла илаһә иллаллаһ уә әшһаду әннә Мұхаммәдән абдукә уә Расулукә) Аллаһу та’ала ол кiсiнiң күнәларын кешiреді және қабыл мөрімен растап Арши аланың астында сақтайды. Сондай-ақ Қиямет күнiнде бұл дұғаны оқыған кiсi келіп Аллаһу та’аладан сауабын алады.»
Бiр хадис шәрифте: «Кімде-кiм дәрет алғаннан кейiн “Иннә әнзәлнәһу” сүресiн бiр рет оқитын болс, Аллаһу та’ала ол кiсiнi сыддықтар қатарына жазады. Екi рет оқыса шәһидтердiң қатарына жазады. Ал үш рет оқыса Пайғамбарлармен бiрге тіріледі»,- деді.
Тағы бiр хадисте: «Кiмде-кiм дәрет алғаннан кейiн маған он мәрте салауат айтатын болса Аллаһу та’ала ол кiсiнiң қайғысын кетіріп, көңiлiн көтередi. Сондай-ақ дұғасын қабыл етедi»- деп айтқан.
Дәрет алып болған соң: «Аллаһуммаж-ални минәт-тәууәәбин, уәжъални мин-әл-мутатаххирин, уәж ални мин ибадик-ас-салихин, уәж ални минәлләзина лә хавфун алейһим уә ләһум яхзанун» дұғасын оқудың да сауабы көп.
Денсаулық - Есте сақтау қабілетін арттыратын сыр
Ірі тесіктері бар сары сырлар әдемі түрімен ғана емес, сонымен қатар ерекше дәмімен де белгілі, басқа сырларға қарағанда, бұл сырларда В 12 витаминін өндіретін өзіндік бактериясы көбірек. Бұл витамин біздің ағзамыздағы иммунды және жүйке жүйелері үшін өте пайдалы, ол қандағы гемоглабин құрамын көтереді, есте сақтау қабілетін арттырады.