Сұхбат - Тамақтану әдебі - (1)
Тамақтанудың парыздары
- Азықтардың халал болуы
- Аллаһу та’алаға құлшылық жасау үшін күш жинауға деп ниет ету.
- Өлмейтіндей мөлшерде жеу.
- Тағамның дәмін Аллаһтан деп білу.
- Тоюды Аллаһтан деп білу.
- Ол тағамның қуаты біткенге дейін Аллаһу та’алаға құлшылық ету.
- Қолда барға қанағат ету.
Тамақтанудың сүннеттері
- Бисмилләһ айтып бастау.
- Тамақтың соңында әлхамдулилләһ деу.
- Тамақтан алдын және кейін қолдарды жуу.
- Оң қолмен ішіп-жеу.
- Табақтың шетінен, өз алдынан жеу.
- Тамақты тұзбен бастау және бітіру.
- Тамақтан кейін тістерді тазалау.
Тамақтанудың мүстаһабтары
- Нанды екі қолмен бөлу.
- Дастарханда көк шөптер және сірке суы болуы.
- Үзімдер, жұтымдар кішкентай болуы керек.
- Жақсылап шайнамай тұрып жұтпау.
Тамақтанудың мәкрухтары
- Сол қолмен ішіп жеу.
- Бисмилләһ айтпау.
- Тамақтану барысында мүлдем сөйлемей отыру.
- Қолын, пышақты жемейтін болса нанға сүрту.
- Көгерген, иістенген нан немесе тамақ жеу.
(жалғасы бар)