Оқиға - Баспасөз еркіндігі сол болса керек
Бір жас жігіт Нью Йорк орталық паркінде қыдырып жүріп кенеттен бір үлкен иттің кішкентай қызға қарай атылып, бас салғанын көреді. Жүгіріп барып итпенен алыса кетеді. Ұзақ арпалыстан кейін үсті-басының қанталасы шығады, бірақ ақырында итті өлтіреді. Сондай-ақ кішкентай қыздың өмірін аман алып қалған болады. Соңғы сәттерде бұл құбылысты көрген полиция қызметкерлері алқынып, жұлқынып жүгіріп әлгі жігіттің жанына келеді. Құшақтап алғысын айтқаннан кейін былай дейді:
- Сен қаһармансың! Ертең бүкіл газеттер сен туралы жазатын болады. Осыдан көр де тұр тақырыбы мынадай болады:
«Нью Йорктік батыр жігіт, кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды!»
- Бірақ мен Нью Йорктік емеспін!
- Ол маңызды емес. Олай болса газеттер былай деп жазады:
«Америкалық қаһарман кішкентай қыздың өмірін құтқарып қалды!»
- Бірақ мен Америкалық та емеспін.
- Ол да маңызды емес. Ол кезде газеттер былай жазады:
«Адамгершілік өлмеді. Жас жігіт кішкентай қыздың өмірін құтқарды!»
- Ал сен қайдан боласың?
- Мен Ирактан боламын!
Полиция қызметкерлері қызды ауруханаға апарады. Ал әлгі жігіт ертеңіне газет беттерінен мынадай тақырыпты көреді: «Радикал бір исламист жуас Америкалық итті өлтірді...»