Untitled Document

Сұхбат - Інжіл не дейді? (2)

Мұхаммед алейһиссаламға сенбеген кісі бұрын өткен пайғамбарлардың ешбіріне иман етпеген болады. “Әканим-ус-сәласә” делінген “Тәслис” (үш құдай)-ке сену бүкіл келіп кеткен пайғамбарларды өтірікші қылу болып табылады. Тәслис (үш құдай) ақидасы Иса алейһиссалам аспанға көтерілгеннен көп уақыт өткен соң ортаға шыққан сенім. Одан бұрын христиан дін өкілдері таухид [бір құдай] сенімінде болып, Таураттың үкімдерін орындап жүретін еді. Пұтқа табынушылардың көбі және грек философтары христиан дінін қабылдағаннан соң, өздерінің бұрыннан келе жатқан көп құдайлық сенімдерін христиандыққа алып кірді. Кезінде бір құдайға сенуге негізделген христиан дініне алғаш рет үш құдай сенімін кіргізген кісінің 200 ж. Себлиус есімді поп болғандығы және осының салдарынан көп қан төгілгендігі, Француз тіліндегі “Қуррат-ун-нуфус” кітабында және арап тіліне аударылған нұсқасында толық қамтылып жазылған. Сол кезде көптеген христиан ғұламалары таухид (бір құдай) сенімін жақтап, Иса алейһиссаламның адам баласы және пайғамбар екендігін айтқан. 300 жылдары Искандария қаласында [Александрия] Ариюс деген поп таухид сенімін уағыздап, тәслис сенімінің дұрыс еместігін айтты. 325 жылы үлкен Константин византияның Изник қаласында жинаған поптардың мәжілісінде, таухид [бір құдай] сенімін жоққа шығарып, Ариюсты кәпір деп жариялатқызды. Христиандар үш құдайдың үшіншісі дейтін “Киелі рух”тың не екенін өздері де білмейді. Олар Иса алейһиссалам анасы Марямның жатырында Киелі рухтан пайда болды деп айтады. Ал Ислам дінінде Рух-ул-қудстың, яғни киелі рухтың Жәбірейіл есімді періште екендігі м.1871 Стамбұлда баспадан шыққан “Изаһ-ул-мәрам” атты кітапта білдірілген.