Сұхбат - Дін деген не? (4)
Әһли сүннет ғалымдарының өзі Исламның жабық және астарлы түрде білдірген үкімдерінің кейбір тұстарын әртүрлі түсінген. Сондықтан амалда, яғни Исламның үкімдеріне бағынуда төрт түрлі тәсіл - мазһаб қалыптасты. Бұларға негізін құрушылардың есімдеріне байланысты “Ханәфи”, “Малики”, “Шафии” және “Ханбәли” мазһабтары делінді. Бұл төрт мазһабтың имандары, ақидалары, сенімдері бірдей. Ал ғибадат, құлшылықта ұстанған жолдары азғана бір-бірінен ерекшеленеді. Төртеуі де бір-бірлерін дін бауыры деп санайды. Әрбір мұсылман осылар арасынан өзі қалаған бір мазһабты таңдап, соның үкімдерін тақлид етеді [ұстанады]. Барлық ғибадаттарын, істерін таңдаған мазһабының үкімдеріне сай орындайды. Осылайша бүкіл істерін Құранмен сүннетке толық сәйкестірген болады. Мұсылмандардың төрт мазһабқа бөлінуі Аллаһу та’аланың бұл үмбетке деген үлкен мейірімділігі, рахметі болып табылады. Өйткені бір мұсылман өз мазһабы бойынша құлшылық жасап жатқанында қандайда бір қиындыққа душар болып, машақат пайда болса, басқа үш мазһабтың үкімінен пайдаланып, оған жүгініп, әлгі ісін оңайлықпен орындай алады. Басқа мазһабты тақлид ету, яғни оның үкімдерінен уақытша пайдалану үшін керек болатын шарттар “Саадат-и әбәдия” кітабында жазылған.
Құбыла бағыты қалай табылады?
Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.
Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.