Untitled Document

Сұхбат - Дін деген не? (2)

Калима-и шахадатты айтып оған сенуге иман делінеді. Оны айтып, мағынасын түсінген кісіге мұсылман делінеді. Калима-и шахадат: «Әшһәду әл ла илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһ». Мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед оның құлы және бүкіл адамзатқа жіберген расулы-елшісі екендігіне күәлік етемін». Одан кейін ешбір пайғамбар келмейді дегені. “Марақил-фәлах” атты кітаптың Тахтауи хашиясында қаза намаздары бөлімінің соңында былай делінеді: «Мұсылман болу үшін тек Аллаһу та’аланың бар екендігіне сену жеткілікті емес. Өйткені “серігі бар” дейтін кәпірлер де Аллаһтың бар екендігін мойындайды. Мұсылман болу үшін Оның бар екендігіне және [бір, тірі, қадир, алим, ирада иесі сияқты] сипаттарының бар екендігіне, барлық нәрсені естіп, көріп тұратындығына және Одан басқа жаратушы жоқ екендігіне де иман ету керек». Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбар екендігіне сену, оның әр айтқанының Аллаһу та’ала тарапынан оған білдірілгендігіне сену дегені. Аллаһу та’ала Ислам дінін, яғни иман мен амал білімдерін Құран кәрім арқылы оған білдірген. Орындалуы керек әмірлерге фарз делінеді. Тыйым салынғандарға харам делінеді. Ал екеуіне бірдей Ислам үкімдері делінеді. Бір адам мұсылмандықты қабылдап, кәлима айтқан мезетте халық арасына тараған ислам ілімдерін үйрену оған парыз болады. Егер бұларды үйренуге көңіл бөлмей, үйренудің қажеті жоқ десе иманы кетіп, кәпір болады. Ал кәпір болып өлген кісінің ахырет күні еш кешірілмейтіні және тозақта мәңгі жанатындығы аяттарда және хадис шәрифтерде ашықша білдірілген. Бұл жайлы «Мәктубат» атты кітаптың 266-мәктубында кең мағлұмат берілген. Иманын жоғалтқан мұсылманға “мүртәд” делінеді. Құран кәрім мен хадис шәрифтерге толығымен иман еткен мұсылмандарға “Әһли сүннет” делінеді.

(жалғасы бар)