Денсаулық - Мұқият болыңыз
Үйде мән берілуі керек болған жағдайлар:
- Қатерлі ісікпен (рак) күрес ана рахымынан басталады. Жүкті әйелдер көп витаминдерден аулақ болыңдар. Аптасына екі рет балық етін жеп тұрыңдар.
- Сыртқа киетін аяқкиіммен үй ішінде мүлдем жүрмеңдер. Сыртқа киілетін аяқкиім қатерлі ісіктің ең маңызды себебі.
- Кемпірқосақтың жеті түсіндегі жеміс-көкөністерінен не тапсаңыз бәрінен күніне 3-5 данадан жеу керек.
- Үйде бүкіл пестицидтердің қоры ретіндегі ең қауіпті жер кілем болып табылады. Міндетті түрде порошокпен емес, сірке суымен сүртіңдер немесе жуыңдар.
- Порошок қолданғанда міндетті түрде қолғап қолданыңдар.
- Ыдыс жуғыш машиналарында қолданылатын порошоктар канцерогенді болып табылады. Жуылған ыдыстарды сіркелі суда немесе лимонды суға тағы бір шайған дұрыс.
- Жаңа сатып алынған ақ түсті іш киімдерді ең аз екі рет қайнату керек! Бұларды ағарту үшін канцерогенді заттар қолданылады.
- Бөлмені иістендіру спрэйлері мұнай өнімінен жасалады, ауаға улы заттар таратады.
- Көкөністерді мезгілінде тоңдырып сақтауға болады. Бірақ бір рет ерігеннен кейін міндетті түрде пісіріңдер, қайта тоңдырмаңдар!
- Радияция қатерлі ісік (рак) ауруларына бір қадам жақындататын факторлардың бірі. Теледидардан өте алыс отырыңдар!
- Зәйтун майы және орман жаңғағы майы қуырма тамақтар үшін ең қолайлы май.
- Балалар “Fast food” өнімдерін аптада үш рет жегендерінде ми ісіктерінде (опухоль) үш есе өсім байқалады.
- Балаларға жемістерді және айранды көп беріңдер. Айран күндік сүттерден үйде өздерің жасаңдар. Ешкі ірімшігі өте пайдалы.
- Үш ақтан (ұн, шекер, тұз) ұзақ тұрыңдар.
- Америкадағы балалардың семіз болуының себебі барлық нәрсеге шекер қосуларынан.
- Ең пайдалы азық жаңғақ, орман жаңғағы және миндаль. Қабығы аршылмаған күйінде алыңдар.
- Алма дүниедегі ең пайдалы азықтардың бірі.
- Пластикалық, мыс және алюминь ыдыс қолданбаңдар!
- Жемістерді жуғанда судың ішіне бір-екі қасық алма сірке суын қосып, жарты сағаттан кейін таза сумен тағы жуыңдар.
- Жемістердің жылтырап тұруы үшін бетіне шам (свеча) жағады. Бұларды зәйтун майынан жасалатын сабынмен немесе сірке суы қосылған сумен жуып кетіру керек.
-Капуста, салат жапырғы сияқты көкөністердің алғашқы 4 қабығын тастаңдар!
-Пластикалық материалдан жасалатын барлық бұйым улы болып табылады.