Сұхбат - Керемет және рухтар
Хазіреті Абдулхақ Дехлеви былай деген:
Адамның денесі өлгенде, рухтың өлмейтіні жайында аят кәрималар мен хадис шәрифтерде ашық білдірілген. Рух есінің иесі, ол зиярат еткендерді таниды. Әулиенің рухы өлгеннен соң да жоғары мәртебеде, өлгеннен кейін де кереметі көрінеді. Кереметтің иесі рухтар, дене емес. Рух - адамның өлуімен өлмейді. Кереметті жарататын Аллаһу та’ала және барлығы Оның құдіретімен болады. Әр адам оның құдыретінің алдында тірі кезінде де, өлі кезінде де бірдей. Аллаһу та’аланың бір әулиесі арқылы, әулиесі себебімен бір құлының тілегін беріп, дұғасын қабыл етуі таңқаларлық нәрсе емес. Тірі де өлі де ешнәрсе жарата алмайды. Тек Аллаһу та’аланың жаратуына себепші болады. (Мишқат)
Хазіреті Мәулана Жалалидин Руми да: «Мен өлгенде ренжімеңдер, әр жерде мені ойлаңдар көмекке келіп, сізге жәрдем етемін» - деп бұйырған. Аллаһу та’ала жақсы көргендерінің рухтарына есіттіреді және олардың құрметі үшін деп дұға еткендердің тілектерін, сұрағандарын жаратады. Өлілердің тірілерге жәрдем беруі де Аллаһтың қалауымен болады. Бұл жерде өлгендердің көмегі тек арада себепші болу ғана. Өйткені Аллаһу та’ала сүйікті құлдарының атымен жасалған дұғаларды қайтармайды.
Хадиқа кітабында: «Өлілерден арашы болуларын сұрағанда бұл істерді себептер емес, Аллаһтың істегеніне сену керек» - деп жазылған. Хадис шәрифте бұйырылған: «Қабірдегілер болмаса, жер жүзіндегілер құритын еді» [Дәйләми]
Ұлы жауынгер Әмір Темір өзінің «Темір түзіктері» кітабында әр соғыстың алдында Йасыға келіп Ахмет Йасауи бабамыздың руханиетінен жәрдем сұрағанын және осылайша әр соғыста жеңіске жеткенін жазған. Әмірдің мемлекетінде шайхулислам міндетін атқарған Садуддин Тафтазани «рахметуллаһи алейһ» сияқты ұлы ғалымның осы іске бас болуы да, бұл амалдың жоғарыдағы хадиске сай екенін көрсетіп тұр.