Сұхбат - Алданған жастық шақ
Ислам дінін білмегендері үшін оған (Исламға) қарсы болғандар, ғасырлар бойы исламға қарсы жасаған қанды және қасіретті тәжірибелерінің нәтижесінде: «халқының иманын жықпай ешқандай ислам мемлекетін құлату мүмкін емес» екенін түсінді. Шындығында дамудың, ілгерілеудің қолдаушысы, қамқоршысы болып табылатын ислам дінін; ілімнің, ғылымның, батылдықтың, ерліктің дұшпаны ретінде көрсетуге тырысты. Жаңа мұсылман ұрпақтың дінсіз, білімсіз қалуын, олардың рухани дүниесіне қол салуды өз алдарына мақсат етіп қойды. Осы мақсатта миллиондаған қаржы жұмсалды. Ілімі, ғылымы, иманы әлсіз, дүние қызықтарына беріліп кеткен кейбір сауатсыз мұсылмандар - кәпірлердің исламға таққан бәле-жалаларына алданып, бұзылып кетті. Бұл бұзылғандардың бір бөлігі өздерінің мұсылман аттарын жамылып, өздерін ғылым адамы, жазушы, дін ғалымы тіпті дін қорғаушысы ретінде көрсетіп, таза жастардың имандарын бұзуға кірісті. Жамандықты мәртебе қылып көрсетіп, имансыздықты, дінсіздікті сәнге (модаға) айналдырды. Діндар, иманды адамдарға кертартпа, заманнан (өмірден) қалып қойған деп айтылатын болды. Дін ғылымдарына, исламның ең құнды кітаптарына кертартпа көзқарас, фанатизм деп те айтатындар болды.
Өздеріндегі арсыздықты, намыссыздықты мұсылмандарға, ислам ғұламаларына жауып, ол таза адамдарды жамандап, балаларын әкелерінен, ата-бабаларынан алыстатуға тырысты. Тарихымызға тіл тигізіп, тарихымыздың таза беттеріне күйе жағып, тарихымызда болған оқиға-деректерді ауыстырып жоқ қылуға тырысты. Осындай тәсілдермен жастарды дінімен иманынан адастырып, исламды құлатуды көздеді. Ғылымымен, ілімімен, көркем мінез-құлқымен, батылдығымен әлемге әйгілі болған ата-бабаларына деген құрметті, сүйіспеншілікті жастардың жүрегінен жойып, аталарының ұлылығынан, кемелінен махрұм қалдыру үшін, жастардың ар-ожданын, жүрегін улады.
Дінімізден алыстаған сайын, пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уасаллам” жолынан бөлектенген сайын, мінез-құлқымыздың өзгеруімен қатар ғылымда, жаңа технологиялар ойлап табуда артта қалып қойдық. Ата-бабаларымыздың ғылымда, әскерде, мәдениетте жеткен жетістіктеріне біз жете алмадық. Бұл дінсіздер бір жағынан бізді исламнан айырып, ғылымда артта қалуымызға себепкер болды, екінші жағынан “артта қалуымызға себепкер – Ислам” деп көрсетті. “Өнеркәсіпте батыспен теңесуіміз үшін – шығыс дінінен, шөл заңдарынан құтылуымыз керек” дейді. Осындай жолдармен материалдық және рухани құндылықтарымызды құлатты, өткен ғасырлардағы дұшпандарымыздың елімізге, дінімізге, ұлтымызға жасай алмаған жамандықтарын жасады.