Мәлімет - Үй үшін
- Жолға шығатын сөмкенің ішіндегі киімдер қыртыстанбауы үшін арасына кленка салу -керек.
- Шайдың айласын тексеру үшін бір стакан суға бір қасық шай салу керек. Судың түсі ақырын өзгеретін болса шайдың айласыз болғаны, судың түсі сол мезетте өзгеретін болса бояу қосылғаны анықталады.
- Аквариумдағы балықтардың жандылығын жоғалтуы көріне бастағанда екі тамшы «перекись водород» тамызу керек.
- Су қайнатылатын ыдыстарда қақталған әк тастарды кетіру үшін ішіне картоп қабығын салып жарты сағат қайнату керек.
- Жарылған қолға жарты лимон суына 5-10 гр глицерин араластырып жағуға болады.
- Қуырдақ жасағанда 3 стакан суға 2 қасық сірке суын қосып газдың екінші жағына қайнату асханадағы жаман иісті кетіреді.
Сұхбат - БАҚЫТ ЖОЛЫ
Дін – рухтың азығы. Дінсіз адам басы жоқ кеудеге ұқсайды. Бір дененің дем алуға, ішіп жеуге қажеттілігі болғаны секілді, рухтың да таза болуы үшін, бақытқа қауышуы үшін дінге қажеттілігі бар.
Дінсіз адамның роботтан немесе жануардан айырмашылығы жоқ. Дін адамға Аллаһты танытатын, оны жамандықтан алыстататын, оның жолын ашатын, қиын кезеңдерде көңілін басатын, материалдық және рухани жағынан қуат беретін, ел ішінде құрметке, беделге және махаббатқа қауыштыратын, ахыретте мәңгілік тозақ отынан сақтайтын себепші.
Бүкіл илаһи діндер бір-бірінің жалғасы. Бірақ діндер әртүрлі замандарда Аллаһу та'ала тарапынан жаңаланып тұрған. Бір Аллаһқа иман еткен шынайы діндердің бәрі, бастапқы кезеңінде жалғыз бір дін, жалғыз бір иман болған. Адамдардың оны өзгертуімен, Аллаһу та'аланың әмірімен және оның жіберген Пайғамбарлары арқылы түзетіліп тұрған. Қияметке дейін өзгермейтін ең соңғы дін Мұхаммед алейхиссаламның алып келген Ислам діні.