Untitled Document

Транспорт - ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ

  • Маусымына қарай жолдың шарттары да өзгеретіні есте болу керек. Жаңбыр және құмдар жолды сырғанақ халге келтіретінін ұмытпау керек.
  • Ұзақ уақыт жүргізгенде, күн шығарда және күн батарда абай болу керек.
  • Ұзақ сапарға шыққанда жиі-жиі тоқтап, жүйкені демалдырып тұру қажет.
  • Сағат 03:00 пен 05:00 арасы ұйқының ең қатты қысатын уақыттары. Бұл уақыттарда өте сақ болу керек.
  • Мүлдем спирттік ішімдік ішпеу керек.
  • Ұзақ жолға шығарда ұйқы қысу немесе қарны ашу сияқты қажеттіліктер болмауы тиіс және күндіз шығуға тырысу керек.
  • Қыста жолдың беті мұзды, сулы және қарлы болуы мүмкін екендігі әсіресе жел соғатын аймақтарда мұз қататыны әрдайым ойда болу керек.

Мәлімет - Ғұсылдың парыздары

Ханафи мазһабында ғұсылдың парыздары үшеу:

  1. Ауыздың ішін шаю. Ауыз ішінде иненiң ұшындай су тимеген жер қалса, тiстерінiң тесiктерiне су тимесе, ғұсыл алған болып есептелмейдi.
  2. Мұрынды шаю. Мұрындағы құрғақ кiрдiң астына және ауыздағы нанның астына су тимесе ғұсыл өтпейді. Ханбали мазһабында ауызды және мұрынды шаю дәретте де ғұсылда да парыз. Шафии мазһабында болса, ғұсыл алуға ниет ету де парыз.

Дененiң барлық жерiн жуу. Кiндiктiң iшiн, мұрт, қас және сақал, оның астын және шашты жуу парыз. Тырнақта, ерiнде, көз қабағында немесе дененiң қандай да бiр жерiнде су өткiзбейтiн заттар болатын болса, ғұсыл өтпейді.