Untitled Document

Сұхбат - Жұма күнінің сүннеттері

Жұма күнінің 20 сүннеті және әдебі бар. Бұлар мыналар:

  1. Жұманы күніне бейсенбіден бастап дайындалу керек. Мәселен жаңа, таза киімдерін дайындау, жұмыстарды бітіріп жұманы ғибадатпен өткізуге тырысу керек. Жұма түні жұбайымен бірге ғұсыл алу. Екеуіне де құл азат еткен сияқты сауап беріледі.
  2. Жұма күні жұма намазы үшін ғұсыл алу. (Бұл ғұсылды парыз деген ғалымдар да бар.)
  3. Шашын алдыру, сақалы бiр тұтамнан ұзын болса қысқарту, тырнақтарын алып жаңа, таза киiмдер кию.
  4. Жұма намазына мүмкiндiгiнше ерте бару.
  5. Мешiтте алдыңғы қатарға өту үшін жамағаттың иығынан аттамау.
  6. Мешiтте намаз оқып жатқан кiсiнiң алдынан өтпеу.
  7. Ерте барып бірінші саптан орын алу.
  8. Имам мiнберге шыққаннан кейiн сөйлемей хутбаны тыңдау. Сөйлегенге белгі беріп те жауап бермеу, азанды қайталамау және қол ашып дұға етпеу.
  9. Жұма намазынан кейiн фатиха, кафирун, ихлас, фәләқ және нас сүрелерiн жетi рет оқу.
  10. Екiндi намазына дейiн мешiтте қалып ғибадат жасау.
  11. Әһли сүннет ғалымдарының дәрісіне немесе солардың кiтаптарын оқып отырғандарға қатысып, тыңдау.
  12. Жұма күні дұғаның қабыл болатын уақытын іздеу, ол үшін толық ғибадат ету
  13. Жұма күнi көп салауат айту.
  14. Құран Кәрiм оқу. (Каһф сүресiн оқу)
  15. Садақа беру.
  16. Әке-шешенi немесе қабiрлерiн, салих мұсылмандардың, әулиенің қабірлерін зиярат ету.
  17. Үйдегi асты ерекше әрi тәттi қылып даярлау.
  18. Көп намаз оқу. Қаза намазы болғандар намаздарының қазасын оқу керек.
  19. Жұма күнін ғибадатпен өткізу
  20. Екіндіден кейін жайнамаз үстінде қолдан келгенше: Йа Аллаһ! Йа Рахман! Йа Рахим! Йа Қауи! Йа Қадир! деп кейін дұға ету.