Мақала - БАЛАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Аллаһу та’ала Құран кәрімде өзіне ғибадат етуді әмір етті. Өзіне ғибадаттан кейін әке-шешеге мойынсұнуды білдірді. Адамның болмысының негізгі себебі Аллаһу та’аланың оны жаратуы, ал көріністегі себебі болса әке-шешесі.
Баланың әке-шеше алдындағы міндеттерінен кейбіреулері мыналар:
- Шақырған кездерінде тез арада жандарына бару және күнә болмаған әмірлерін орындау.
- Мұқтаж болса, тамақ және киәммен қамтамасыз ету, қызметтерін жасау.
- Оларды есімдерімен шақырмау.
- Өзің үшін не қаласаң олар үшін де соны қалау.
- Өзің үшін дұға еткен кезде олар үшін де ғафу сұрап тілеу керек.
- Олармен үнемі жұмсақ және кішіпейілді болу керек.
- Оларға қарсы қатаң болып, бақырып, көңіліне тиетіндей етіп сөйлемеу.
- Өлгеннен кейін дос және туыстарымен араласып тұру, арттарынан дұға ету және садақа беру.
Бір аят каримада: “Сақ болыңдар, оларға уф деп те айтпаңдар!” деп бұйырылды.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран Кәримден аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлуматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.