Untitled Document

Сұхбат - Сүннеттің үш мағынасы

“Сүннет” сөзі қолдану жерлеріне қарап бірнеше мағынаға келеді:

1- “Сүннет”: жол деген сөз. Бұл жол жақсы да болады, жаман да.

Хадис шәрифте былай бұйырылды: «Кімде-кім Исламда жақсы бір сүннет (жол) ашса, оның және онымен амал еткендердің сауабындай сауап алады. Амал еткендердің сауаптары да еш кемімейді. Кім жаман бір сүннет (жол) ашатын болса, оның және онымен амал еткендердің күнәсінің мөлшеріндей күнәға батады. Амал еткендердің де күнәлары еш азаймайды.»

“Сүннетуллаһ”, “Суннати Расулиллаһ” сөздеріндегі сүннет сөзі де “жол” деген мағынаны білдіреді.

Сүннет сөзі, кей жерлерде Ислам деген мағынаға да келеді.

Хадис шәрифтерде былай бұйырылған:

«Пайғамбарларыңның сүннетін тастасаңдар кәпір боласыңдар.»

«Сүннетімді тастағанға шапағатым харам болды.»

«Үмметімнің арасында фитна және бүлік таралғанда, сүннетіме жабысқанға 100 шаһид сауабы беріледі.»

Бұл хадис шәрифтерде өткен “сүннет” сөзі, “Ислам”, “Әһли сүннет сенімі” деген мағынада айтылған. Бірінші хадис шәрифтің мағынасы: «Исламды тастаған кәпір болады» ал екінші хадис шәрифтің мағынасы «Әһли сүннеттен айрылғандар шапағатқа қауыша алмайды.» дегенді білдіреді. Өйткені хадис шәрифте «Аллаһқа серік (ширк) қоспай (яғни иманмен) өлген барлық адамдарға шапағат етемін.» және «Шапағатым үмметімнен үлкен күнә істегендерге» деп бұйырылған. Үшінші хадис шәрифтің мағынасы: «Сәләфи салихин заманындағы дін ілімдеріне мойынсұнғандарға жүз шаһид сауабы бар.» дегенді білдіреді.

2- “Кітап және сүннет” деп келгенде, Кітап – Құран кәрім, Сүннет – хадис шәрифтер дегенді білдіреді.

3- “Фарз және сүннет” деп келгенде фарз – Аллаһу та’аланың әмірлері, сүннет – пайғамбарымыздың әмірлері дегенді білдіреді. Бұл сүннеттің өзі де үш түрге бөлінеді:

1- “Сүннети һуда” Қамат айту, жаназа намазын оқу секілді сүннеттер. Бұл сүннет Ислам дінінің белгісі болып, басқа діндерде бұлар жоқ. Бұған “сүннети мүәккәдә” деп те айтылады. Мүәккәд сүннеттерді үзірсіз тұрақты орындамай қою мәкрух болады. Пайғамбарымыз бұл сүннетті өте аз қалдырған.

2- “Сүннети ғайри мүәккәдә” Пайғамбарымыздың анда санда қалдырып тұрған сүннеттер. Екінді намазының алдындағы сүннет осындай.

3- “Сүннети зауаид” Расулуллаһтың ғибадат ретінде емес, адет (салт) болғаны үшін тұрақты орындап тұрған нәрселері. Мәселен пайғамбарымыздың антари киюі, шашын ұзын етіп өсіруі зауаид сүннетке жатады. Зауаид сүннетті орындамау мәкрух болмайды.