Untitled Document

Сұхбат - Жалғыз оқитын әйелдiң намазы

Мысалы таң намазының сүннетi былай оқылады:

1. Дене мүшелері бастан - аяқ жабылады. Тек қана алақандары мен жүзi ашық болады. Намазда оқитын сүре және дұғаларды жоғарыда айтылып өткен жалғыз еркектiң оқығаны сияқты оқиды. Айырмашылықтары төмендегiдей:

а) Қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармайды, иығына дейiн көтерiп ниет етiп, тәкбiр алып қолдарын көкiрек үстiне бір-бірінің үстіне қояды.

б) Рукуде еркектердей түзу иілмейді.

в) Сәждеде шынтақтары жерге тиеді.

г) Ташаһудта отырғанда сол жағымен отырады. Яғни аяқтар оң жаққа шығарылып сол санының үстіне отырады.

Әйелдер үшін намазда ең ыңғайлы хижаб, қолдарын да жабатындай үлкендеу орамал мен аяқтарын жабатын ұзындау юбка кию.

Сұхбат - Намаздан кейін

Намаздан кейін үш рет «Астағфируллаһ» дегеннен соң «Аятул курси» және отыз үш тәсбих (субханаллаһ), отыз үш тахмид (әлхамдүлиллаһ), отыз үш тәкбiр (Аллаһу әкбар) және бiр тахлил (Ла илаһә илләллаһу уаһдаһу ла шәрикә лаһ. Лаһул мүлкү уә лаһул хамду уа һуа ала кулли шайин қадир) оқылады. Бұларды әр кім өзі есітетіндей дауыспен оқиды. Дауыс шығарып оқу бидғат болады.

Соңынан дұға етiледi. Дұғада ер кісілер қолдарын көкірек тұсына паралелл қылып көтереді. Шынтақтар бүгілмей алдына қарай созылады. Алақан іші көкке қаратылады. Өйткені намаздың қыбласы Қағба болғанындай, дұғаның қыбласы да аспан. Дұғадан соң «Субхана раббика…» аяты оқылып қолдармен бет сипалады.

Төрт рәкат парыз және сүннет намаздардың екiншi рәкатында аттахияту оқылып үшiншi рәкатқа тұрады. Сүннет намаздардың үшiншi және төртiншi рәкатында Фатихадан соң зәм сүре оқылады. Парыз намаздардың үшiншi және төртiншi рәкатында зәм сүре оқылмай, тек Фатиха оқылады. Ақшам намазының парызының үшiншi рәкатында да зәм сүре оқылмайды. Ал, үтiр намазының үшiншi рәкатында Фатихадан соң зәм сүре оқылып «Аллаһу әкбар» деп құлақ қағып «Құныт» дұғалары оқылады. Ғайри мүәккәд сүннеттерде, яғни екінті және құптан намазының алғашқы төрт рәкат сүннеттері басқа төрт рәкатты сүннеттер сияқты оқылады. Тек бұлардың екiншi рәкатында отырып Аттахиятудан соң Салли-барик дұғалары да оқылады.