Untitled Document

Сұхбат - НАМАЗ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ ? - 2

(Ер адам)

6. «Аллаһу әкбар» деп сол аяқ жерге төселедi. Оң аяқтың саусақтары қыблаға қаратып бүгiлiп отырады. Қолдар тiзенiң үстiне қойылады, саусақтар арасы өз еркiне жiберiледi.

7. Көп отырмастан «Аллаһу әкбар» деп қайта сәждеге барады. (Екi сәжде арасында отыруға жәлсә делінеді.)

8. Сәждеде ең азы үш рет «Субханә раббиал аъла» дегеннен соң «Аллаһу әкбар» деп орнынан тұрады. Сәждеден тұрар кезде қолдарымен жерден күш алуға және аяқтарды ары-бері қозғалтуға болмайды. Сәждеден тұрар кезде ең алдымен маңдай, мұрын, содан кейiн сол қол, оң қол содан соң сол тiзе, содан соң оң тiзе жерден көтерiледi.

9. Тiк тұрғанда Бисмиллаһтан соң Фатиха және бір зәм сүре оқылып «Аллаһу әкбар» деп рукуға иіледі.

10. Екiншi рәкат та бiрiншi рәкаттағы сияқты оқылады, тек екiншi сәждеден соң «Аллаһу әкбар» деп орнынан тұрмай, жоғарыда айтылғандай отырып:

а) Аттахияту, Аллаһумма салли, Аллаһумма барик, Раббана атина- дұғаларын оқиды. Кейін алдымен оң иыққа, сонан соң сол иыққа «Ассаламу алейкум уә рахматуллаһ» деп сәлем берумен намазын аяқтайды.

б) Сәлем бергеннен соң «Аллаһуммә әнтәс-сәлам уә минкас-сәлам табаракта йа зәл жәлали уәл икрам»– деп сөйлеместен таң намазының парызын оқу үшiн орнынан тұрады. Өйткенi сүннет пен парыз намазының арасында сөйлеу намазды бұзбаса да сауабын азайтады.

Фарз намазы да дәл сүннет секілді оқылады.