Untitled Document

Сұхбат - НАМАЗ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ ? - 1

(Ер адам)

таң намазының сүннеті:

1. Алдымен қыблаға қарап тұрады. Аяқтардың арасы төрт елiдей ашық және паралелл болады. Бас бармақ құлақ жұмсағына тигізіліп, алақанды қыблаға қаратып: «Ниет еттiм Аллаһу та’аланың ризалығы үшiн бүгiнгi таң намазының сүннетiн оқуға, жүзiмдi қараттым қыблаға»– деп ниет еткен соң «Аллаһу әкбар» – деп екi қолды кiндiк астына, оң қолын сол қолдың үстiне қойып байлайды.

2. Қиямда тұрғанда көздер сәжде етiлетiн жерге қарайды.

а) Субханака дұғасын оқыйды.

б) Аузу-бисмиллаһтан соң Фатиха сүресiн оқыйды.

в) Фатихадан соң бисмиллаһ оқылмай бiр зәм сүре (мысалы Фил сүресi) оқылады.

3. Зәм сүреден соң «Аллаһу әкбар» деп рукуға иіледі. Қолдар тiзенi қаптап ұстайды. Бел түзу ұсталады, көздер аяғының ұшына қарайды. Үш рет «Субхана раббиал азым» деп айтады. Бес немесе жетi рет айтуға да болады.

4. «Сәмиаллаһу лиман хамидаһ» деп рукуден тұрып жатқанда шалбар балағы тартылмайды және көздер де сәжде орнынан айрылмайды. Тiке тұрғаннан кейiн «Раббәна ләкәл хамд» деп айтады. (осы тік тұруға қаумә делінеді).

5. Ұзақ тұрып қалмай «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ретiмен:

а) Оң тiзеден кейін сол тiзе, оң қолдан кейін сол қол, одан соң мұрын сосын маңдай жерге қойылады.

б) Аяқ саусақтары қыблаға қарап бүгiледi.

в) Бас екi қолдың арасына қойылады.

г) Қол саусақтарының арасы жабылады.

д) Алақан жерге қойылады, шынтақтар жерге қойылмайды.

е) Осы халде үш рет «Субханә раббиял аъла» деп айтылады.

(жалғасы ертең)